Құқық қорғау органдары

Үйден шықпай-ақ қызмет алу

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін. Полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің қызметкерлері ұсынатын мемлекеттік қызмет түрлері электронды форматқа ауыстырылып отыр.

Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің қызметкерлері өткен жылы 2,5 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Бұрын оны пайдалану үшін тұрғындар ішкі істер органдарына келіп, өтініш жазуға мәжбүр болатын. Енді бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар.

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қалалық ПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің инспекторы:

– Ішкі істер министрінің бұйрығына сай қызмет көрсету өзгертіледі. Құжаттар «Электронды үкімет» порталы арқылы қабылданатын болады.

Қажетті құжаттар тізімі бұйрықта көрсетілген. Ал мемлекеттік қызметтің көрсетілу ережесін әркім «Электронды үкімет» порталында жеке кабинеті арқылы не call-орталыққа хабарласып біле алады. Оның нөмірі – 1414.

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қалалық ПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің инспекторы:

– Егер тұрғындардың өтініш беретін техникасы болмаса, онда олар ХҚКО-ға немесе қалалық басқармаға келе алады. Біздің мекен жайымыз: М.Жұмабаев көшесі, 118, 109 кабинеттер. Телефондарымыз: 39-48-66.

Ал аудан тұрғындары жергілікті жердегі полиция бөлімшелеріне барып кеңес ала алады.

Магжан Ахмадина