Құқық қорғау органдары

Полицейлер жүргізген рейд қорытындысы

Шамамен әрбір бесінші адам қоғамдық орында шылым шексе, ал әр алтыншы тұлғаға ішімдік ішіп отырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Жуырда өңір полицейлері облыс орталығында арнайы рейд шарасын ұйымдастырып, жаңа ғана аталып өтілген және өзге де жайттарға қатысты барлығы 70-тен аса әкімшілік заңбұзушылық фактісін тіркепті.

– На основании чего вы здесь реализовываете алкоголь?

– Я не знаю.

60-тан астам тәртіп сақшысы 19 топқа бөлініп қаладағы ойын-сауық орындары мен жатақханалар, көшелер мен аулаларды аралап шыққан. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар да жеке құрылған жоспар бойынша жұмыс жасапты.

Константин Петров – Петропавл қаласы ПБ ювеналды полициясының аға инспекторы:

 – Негізгі міндет кәсіпкерлерді жазалау емес, керісінше олардың арасында заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Шара барысында бірталай бап туралы айтылды. Мәселен, түнгі 9-дан кейін қуаттылығы 40 градустан асатын алкогольдік өнімді сатуға болмайды, ал сағат 23.00.-ден кейін кез келген ішімдік түрін өткізуге тыйым салынған.

Жалпы рейдтік шараның нәтижесінде 74 әкімшілік заңбұзушылық фактісі тіркеліпті, оның жартысына жуығы ел аумағында тиісті тіркеусіз жүрген шетелдік тұлғалар мен кейбір қазақстандық азаматтардың жеке куәлігінің болмауына қатысты. Шамамен әрбір бесінші адам қоғамдық орында шылым шеккен, ал әрбір алтыншы тұлғаға ішімдік ішіп отырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылыпты.

Данаш Хамзина