Қоғам

Жұмысшы кентіндегі қабылдап тарату орында күніне 30 қаңғыбастар түнейді

Басында баспанасы жоқтарға көмек. Қар түсіп, күн суытқалы бері Жұмысшы кентіндегі қабылдап-тарату орнында түнеушілердің саны артқан. Күнделікті мұнда 30 қаңғыбас аялдайды. Орталыққа келгендерге ыстық ас беріліп, алғашқы медициналық көмек те көрсетіледі.

Түнеп шығу бекеті өңірдің бас полицейі Берік Біләловтің бастамасымен 3 жыл бұрын ашылған болатын. Осы уақыт аралығында тұрғылықты мекен жайы жоқ жүздеген адам басына уақытша болса да басына баспана тауып, қыстың түндерін жылы жерде өткізген.

Руслан Алибаев – Петропавл қалалық полиция басқармасының ЖПҚ қабылдап-тарату орнының бастығы:

– Департамент бастығының ұсынысы бойынша бұрынғы бастауыш мектеп қайта жарақталып, қабылдап-тарату орталығына айналды. Жұмысшы кентіндегі бекетке қаңғыбастардан өзге өмірдің қиын жағдайына тап болғандар да келе алады. Бұл жерде медициналық қызметкер қажет болғанда көмек көрсетеді.

Бүгінде барар жері, басар тауы қалмаған жандар қысылған сәтте осы орталықтан пана табатындарына сенімді. Әсіресе, теріскейдің алғашқы аяздары кезінде Жұмысшы кентіндегі қосынға келіп, түнеушілердің саны артады екен. Қазір мұнда күнделікті 30 қаңғыбас аялдап жүр. Бұған қоса оларды еріктелер ыстық тамақпен де қамтиды.

Руслан Алибаев – Петропавл қалалық полиция басқармасының ЖПҚ қабылдап-тарату орнының бастығы:

– Орташа алғанда күніне 30-40 қаңғыбас келеді. Нысан 50 жатын орынға шақталған. Осы жылдың 1-ші қазанынан мұнда 1000-ға тарта баспанасы жоқ тұлға келді.

Бүгінде қалалық полиция басқармасында үй-күйсіз жүрген 200 қаңғыбас есепте тұр.

 

Бахыт Садвокасов