Құқық қорғау органдары

Теріскейде вандализм әрекеттері азаяр емес

Теріскейде вандализм әрекеттері азаяр емес. Жыл басынан Петропавлда аялдама павильондарын, жарық шамдары мен жарнамалық тақталарды қиратудың 30 фактісі тіркелді.

44 жастағы мына қала тұрғыны аялдаманы сындырғаны үшін 12 мың теңгеден асатын айыппұл төлейтін болады. Оған қоса, азамат сот шешімі бойынша павильонды қалыпқа келтіру жұмыстарына кеткен шығынды да өтейді. Бұл келеңсіз оқиға қазан айының соңында орын алыпты. Полицейлер құқықбұзушыны бірден құрықтаған. Қазіргі таңда осы іске қатысты барлық материал жиналып, сотқа жіберілген.

– Я понимаю, что все это делается для красоты города. Я и не отрицаю свою вину в этом, да я виноват. Но я не специально сломал эту остановку просто я подскользнулся и признаю свою вину.

Сондай-ақ, қазір әлеуметтік желіде Жамбыл көшесінің бойында орналасқан билборды қиратқан бұзақылардың ісі қызу талқылануда. Жарнама нысанын жолда кетіп бара жатқан көлік соғып кетіпті. Ал осы аптада тәртіп сақшылары “ақылды” орындықтардың бірін сындырмақ болған тұлғаны ұстаған. Бұндай заңсыз әрекеттер ел заңнамасына сәйкес ұсақ бұзақылық болып табылады.

Шамшиден Акишев – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Айыппұлдың мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Барлық қала тұрғындарынан тәртіп сақтауды сұраймыз. Егер, осыған ұқсас құқықбұзушылықтарды көретін болсаңыздар, бірден 102 нөміріне хабарласыңыздар.

Айту керек, осы уақытқа дейін аялдамаларды сындыру бойынша 13 бұзақылық фактісі анықталған. Мамандардың айтуынша, заңға бағынбағандар мемлекетке 200 АЕК көлемінен асатын шығын келтірсе, олардың істері ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы бойынша қаралады.

Молдир Шаяхмет