Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдіктің отырысы өтті

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мәресіне жетті. Бірақ, қаладағы ауқымды жұмыстар мен жоспарланған шаруа аяқталған жоқ. Бүгін облыстық әкімдіктің отырысында Құмар Ақсақалов шаһарды аббаттандыру шаралары бұдан да зор қарқынмен жалғасады деді. Тағы жиында орақ науқанының қортындысы жарияланды.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы теріскейдің әлеуеті зор екендігін көрсетті. Мұндай ауқымды жиынды бұрын-соңды өткізіп көрмеген өлкеміз сөйтіп, тарихта қалып отыр.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл күндері өңірге екі елден 800 делегат келді. Ал сайтта тіркелген адамдар саны 2,5 мыңнан асып жығылды. Теннис орталығында өткен көрмеге Қазақстан мен Ресейден келген 38 аймақтың 44 экспоненті қатысты. 3 күннің ішінде шараны 10 мыңнан астам адам тамашалапты. Көптеген келісімшарттар жасастық. Жаңа ұсыныстар алдық. Біздер шекарада үнемі кезектер туындайтындығын айттық. Елбасы бұл мәселені көп ұзамай шешетін болады.

Форумға дайындық барысында қалада бірталай шаруа тындырылды. Жаңа бағдаршамдар, аялдамалар, энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін жарық шамдар орнатылды. 60-тан астам үй мен мекеменің қасбеті ашық түстерге боялды. Жолдар жөнделіп, ауқымды абббаттандыру шаралары атқарылды.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Өткен ғасырдың 40-шы , 50-шы жылдары салынған 635 жер үй сүіліп тастап, олардың орнына көпқабатты баспаналар мен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынуда. «Жас өркен» шағын ауданында бүгіндері 4 баспна тұрғызылып жатыр. Олар қолданысқа берісе, 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қоныс тойын атап өтеді. Тағы осы жерде алдағы уақытта 4 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Мұнда қазір қазақ театрының құрылысы жүріп жатыр. Ал ендігі жылы 900 орынға шақталған мектептің құрылысы аяқталмақ.

Сөйіп, бұрын жұпыны күйде болған «Жас өркен» ауданы адам танымастай өзгерді. Ал мұндағы Оқушылар сарайы елімізде теңдесі жоқ инновация орталығына айналды.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

 – Оқушылар сарайында бар АйТи орталықтың елімізде баламасы жоқ. Онда көптеген заманауи қондырғылар мен құралдар орнатылған. Балғындардың технологиялар тілін меңгеруі үшін бар жағдай жасалған. Оны өңірге келген қос ел Президенттері де атап өтті. Сондықтан, келесі дүйсенбіде нысанның ресми ашылу салтанатын жасау қажет. Ғимаратта бір мезетте 1800 балғын айналыса алады. Сол себепті тұрғындар мұндай орталықтың бізде бар екендігін білуі тиіс.

Ауқымды жұмыс атқарылды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Облыс орталығындағы абаттандыру шаралары одан әрі жалғасуы тиіс деді өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл жұмыстар тоқтап қалмақ емес. Қаланы абаттандыру одан әрі жалғасады. Тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да ауқымды шаруа тындырылуы тиіс. Қаржы бар. Ауыл, аудан орталықтарындағы ескі ғимараттарда да сүру керек. Ауылды жерлерде алдағы жылы 600 баспана тұрғылатын болады. Қалада әскери институтқа жаңа корпус салып, кадеттік корпус тұрғызу жоспарда бар.

Жиында көтерілген екінші мәселе – орақ науқанының қортындысы болды. Өңірдің жер емген диқандары қамбаға 5,3 млн тонна алтын астық құйыпты. Гектар берекелігі 19 центнерден айналған. Минералды тыңайтқыштарды уақытылы енгізу шаруаларға мол өнім жинауға септесіпті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Биыл жаз суық болды. Десе де бидайдың шығымдылығы жақсы. Бұл минералды тыңайтқыштар әсер берді деген сөз. Сондықтан бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табуы тиіс. Майлы дақылдар жайлы айтар болсақ биыл олардың да шығымдылығы жаман болған жоқ. Гектарынан – 9,9 центнер өнім алдық. Жалпы қамбаға – 931,5 мың тонна өнім құйылды. Бүгіндері рапстың тоннасы -133 мың болса, зығырдыкі – 105 мың ал күнбағыстың тоннасы – 115 мыңнан саудалануда.

Бұл тек ішкі нарықтағы баға. Экспортқа шығарылса, бұдан да зор пайда алуға болады. Сондықтан облыс әкімі майлы дақылдар алқабын әлі де болса ұлғайта түсу қажет деді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бізде бидайдың шығымдылығы Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында жоғары. Ал төмен көрсеткіштерді Тайынша, Шал ақын, Айыртау аудандары көрсеткен. Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді демекші, кей шаруашылықтар гектарынан 3 центнрерден ғана өнім алған. Бүгінгі уақытта мұндайға жол берілмеуі тиіс. Сондықтан дұрыс жұмыс істей алмайтын шаруашылықтардан жер алынуы тиіс. Ол – мемлекеттің меншігі. Жерді жалға алғандықтан, дұрыс шаруа тындыру керек. Осы орақ науқанының қортындысы бойынша дұрыс жұмыс істей алмағандармен жалға беру туралы келісімшарт бұзылсын.

Жиын соңында аул шаруашылығы басқрмасының басшысы Қайрат Омаров диқандарға арналған жағымды жаңалықты айтып өтті. Бүгіндері азық-түлік келісімшарт корпорациясы шаруалардан астық қабылдауды бастап кеткен. 3-ші сұрыпты бидайдың бағасы қазір 54 мың теңгеге бағаланып отыр.

Магжан Ахмадина