МТРА жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Киров атындағы зауытқа барды

The YouTube ID of tv9BaXvRPoI<span style="line-height: 1.5;"> is invalid.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына келген Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында теріскейдегі іргелі өндірістік нысандардың бірі – Киров атындағы зауытта да болып қайтты. Ел Президенті осы жерде өңір жетекшісінің баяндамасын тыңдап, өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бағамдады. Солтүстік Қазақстанның зор аграрлық әлеуетін атап өткен Президент ауылшаруашылығы саласын ілгерілету жұмыстарына әлі де қарқын қосуды тапсырды.

Киров атындағы зауытты аралап, өндіріс ошағының жұмысымен танысқан соң Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтыған есебін тыңдады. Біз – аграрлық өлкеміз. Сондықтан әңгіме алдымен осы сектор турасында өрбіді. Солтүстік Қазақстан биыл орақ науқанын ойдағыдай аяқтап, орташа есеппен бір гектардан 19 центнерден өнім алды. Бүгінде осы егістік алқаптарын әртараптандыру бағытында ауқымды шаруа тындырылып жатыр.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Соңғы екі жылда майлы дақылдар себілген алқаптардың аумағын 2 есеге арттырдық. 2016 жылы 500 мың гектарға сепкен болсақ, биыл бұл көрсеткішті 976 мыңға жеткізіп отырмыз. Бұл өнімдердің экспорттық әлеуеті жоғары. Сондықтан, дақылдардың басым бөлігін сыртқа жөнелтеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаруаға оң бағасын берді. Өңірдің экономикалық көрсеткіштері ойдағыдай, ал даму қарқыны орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары. Бірақ, алтын дән мен майлы дақылдарды өсіріп қана қоймай, оны өңдеуге қарқын қосу қажет деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Я поставил задачу поднять производительность труда в сельском хозяйстве в 2 раза. Это напрямую касается вашей области. Как можно поднять производство? Только путем переработки. Масличные культуры надо перерабатывать. Рынок открылся, Китай покупает. Мясо и молоко надо экспортировать.

Бұдан соң осы жерде облыс орталығының дамуы талқыланды. Елбасы Петропавлдағы тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы мен әлеуметтік бағдарламалдарды жүзеге асыру нәтижелерімен танысты. Президент өлкеге жұмыс сапарымен жуырда ғана келгенімен, Петропавлдың өзіне бас сұқпағалы көп болған. Осы уақыт ішінде шаһарда орын алған оң өзгерістер Нұрсұлтан Назарбаевты қуантпай қоймады.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Я вижу, что по городу многое сделано. Больницы, корпус университета будете строить. Водоснабжение и дороги тоже надо.

Кеше ғана бастау алған Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумына Петропавл 2 жыл дайындалды. Ауқымды жұмыстың аясында “Жас Өркен” ықшам ауданы бөй көтерді. Бүгін тындырылған жұмысты Құмар Ақсақалов Елбасына баяндады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл ықшам ауданды бір жылдың ішінде көтердік. Бұрын мұнда жеке сектор болатын. Ыстық су мен жылу желілері тартылмаған еді. Сондықтан, ескі 635 жер үйді сүріп тастап, бірнеше көпқабатты тұрғын үй салдық. Олардағы пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асып жығылады. Тағы заманауи теннис орталығы мен спорт және оқушылар сарайын тұрғыздық. Бұзылған жер үйлердің иелеріне көпқабатты баспаналардан пәтер берілді. Алдағы уақытта осы ауданда мектеп пен қазақ театры бой көтереді.

Отырыс соңында Ұлт көшбасшысы өңір активімен тілдесті. Қоғам белсенділері Нұрсұлтан Назарбаевқа 5 қазанда жариялаған қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған жолдауы үшін алғыстарын білдірді. Президент өз кезегінде оны жүзеге асыру жолында аянып қалмау қажет деді.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Последнее послание надо выполнить. Если 2 человека в семье работают, могут получить жилье. Дороги, жилье и школы продолжаем строить. Промышленность надо развивать. Главное это аграрный комплекс и социальное самочувствие людей. За этим надо следить.

Саят Ермек