Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

Көптен күткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Екі ел басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған негізгі пленарлық отырыста туризмнің дамуы кеңінен сөз болды. Салада қордаланған проблемаларды шешу жолдары да айтылды. Жиын соңында қос тарап бірқатар меморандумдар жасасты.

Екі елдің Президенттері қараша айының басында форум өткізіп өзекті деген мәселелерді талқылауды әдетке айналдырған. Биыл сондай кездесу өңірімізде ұйымдастырылды. Маңызды жиынның тақырыбы – туризм саласын дамтуға қатысты болды. Кездесуді ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей ежелгі әріптесіміз екендігін тілге тиек етті. Сондықтан болар ауылы аралас, қойы қоралас қос мемлекеттің тауар айналымы жыл санап артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш – 11 млрд доллардан асқан. Ал келер жылға дейін оның көлемі 18 млрд долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мемлекет басшысы туризм саласы бүгінде ғаламдық экономиканың алға қозғаушы күші екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Туризм составляет 10% мировой экономики сегодня, 30% экспорта услуг, создает каждое десятое рабочее место. Сфера туризма притягивает сотни миллиардов долларов прямых инвестиций. Она оказывает мультипликативный эффект на развитие почти всех ключевых секторов регионов. В прошлом году объем мирового экспорта туристических услуг достиг 1,6 триллиона долларов. Туризм является инструментом роста экономики даже в период глобальных экономических кризисов. По оценкам всемирной туристской организации ООН к 2030 году на популярные курорты и города, а также памятники истории и культуры совершат путешествие 1,8 млрд человек.

Осы ретте Елбасы екі жақты туризмді дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет деді. Бұл ретте Ресей Президенті де әріптесін қолдап, туризмнің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Владимир Путин – РФ Президенті:

– Ресей мен Қазақстан арасында көптеген сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнағаны белгілі. Қазір, туризм бағытының әлеуеті зор. Мәселен, жыл сайын Ресейге 3 миллионнан аса қазақстандық саяхатшы келеді. Дәл солай Ресейден Қазақстанға ағылатын туристер саны 3 млн-ға жуықтайды. Енді осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды жандандырып, көрсеткіштің артуына жағдай жасауымыз керек. Жалпы туризмнің ел экономикасына берер пайдасы орасан. Біз бүгін Петропавл қаласында бас қосып отырмыз. Бұл шаһар Қазақстан мен Ресей халқының сан ғасырлық достастығының бірлігін бекемдей түсті деуге толық негіз бар. Мұнда қос елдің тарихи және мәдени мұрасының көптеген нысандары сақталған.

Облыс үшін форумның ұйымдастырылуы мен екі ел президенттерінің бас қосуы – тарихи оқиға. Сондқтан жиын қарсаңында шаһарымыз айрықша кейіпке енді. Орасан зор шаруа тек қаламызда ғана емес, өлкеміздің басты туристік аймағы – Имантау-Шалқар курорттық зонасында да атқарылды. Бүгіндері онда жолдар жөнделіп, демалыс нысандары қалыпқа келтірілуде. Қазір Елбасының тапрсырмасына сай бұл мекенді дамытудың жоспары да әзірленіп жатыр.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздің өңірдегі басты экологиялық аумақ – Имантау-Шалқар курорттық зонасы. Демалыс орны еліміздегі туризмді дамытуға бағытталған 10 басты бағыттың санатына кірген. Бұл жерде экологиялық таза Шалқар мен Имантау көлдері орналасқан. Суларының емдік қасиеттері бар. Шалқар көлінің суы теңіздікімен бірдей. Тағы бір мақтанарлық жер – Меңкесер көлі. Оның минералдық құрамы Израильдегі Өлі теңіздікімен бірдей. Қазір кемпинг пен автокараванинг халықтың үлкен қызығушылығына ие. Жыл сайын облысқа Қазақстаннан бөлек көршілес Ресей өңірлерінен де келетін туристердің қатары артуда.

Ал тарихи туризмді бағалайтындар үшін бізде археологиялық нысандар жетерлік. Бірақ, бүгіндері салада бірқатар мәселелер де туындап жатыр. Жиын соңында оларды шешу үшін Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– С учётом высказанного, Владимир Владимирович, предлагаю поручить нашим Правительствам: первое – усилить координацию наших действий по развитию соответствующей туристкой и транспортной инфраструктуры, второе – создать условия для максимально комфортного прохождения туристами пограничного контроля, инфраструктура пунктов пропуска и техоснащение на казахстанско-российской границе пока не соответствует интенсивности перемещения туристов, третье – создать с соседними странами на Каспийском море архитектуру сотрудничества по туризму, упростив визовой миграционный режим. Как сказал Президент России там будут работать круизные корабли и это очень важно, пятое – совместными усилиями развивать космический туризм.

Бұған дейінгі осындай өңіраралық басқосулардың аясында 200-ден аса шарттар мен келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар қос ел экономикаларының дамуына ықпалдасуда. Сондықтан шара соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бастаған екі тарап тағы бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойды.

Мағжан Ахмадина – тілші:

–  Мұндай ауқымды шраларды өткізе бермейтін өңіріміз үшін форум нағыз сынақ болған. Десе де, 2 жылдық дайындық зая кеткен жоқ. Жиын жоғарғы деңгейде өтті. Оны Петропавлға келген меймандар айтуда. Ал келер жылы нақ осындай кездесу Ресейдің Омбы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мағжан Ахмадина