Құқық қорғау органдары

Жамбыл-С.Мұқанов көшелерінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылды

Петропавлдағы Жамбыл мен С.Мұқанов көшелерінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылды. Ол көлік ағыны жоғары қиылыстағы темір тұлпарлардың бұрылысын жеңілдетеді. Жаңашылдықтың тиімділігін қала жүргізушілері сезе алды ма?

Жамбыл мен С.Мұқанов көшелерінің қиылысындағы көлік ағыны жоғары. Ендігі кезекте, мұндағы күрделі қозғалысты жаңа бағдаршам реттейтін болады. Оның қосымша қызыл плюс түсі бар. Сол қызыл түсті белгі жанғанда, қарсы бағыттағы автөкөліктерге қозғалуға болмайды. Ал сол жаққа жол тартқан көліктер өзге темір тұлпарлардың өткенін күтпей-ақ, еш кедергісіз бұрыла алады. Ал “плюс” жанбай тұрғанда, жүргізушілер бұрыларда абай болып, қарсы бағыттағы көліктерді өткізіп жіберуі қажет.

Ербол Әбікеев – қалалық полиция басқармасының мемлекеттік авто инспекторы:

– Петропавлдағы 8 қиылыстағы қозғалыс аса күрделі болып саналады. Яғни мұнда апатқа ұшырау қаупі жоғары. Жақын болашақта олардың бәріне жаңа бағдаршамдар орнату көзделген.

Бұл жаңа бағдаршамның маңызы мен жұмыс істеу принципін темір тұлпар тізгіндегендердің көбі біле бермейді. Себебі ол жол қозғалысы ережелерінде тек былтыр ғана пайда болды, әрі Қазақстанның кей қалаларында ғана кездеседі. Бұл – ақпараттық бағдаршам. Ол қозғалысқа тыйым салмайды, тек жүргізушіге қарсы бағыттағы көлікті өткізіп жіберу керектігін ескертеді. Уақыт үнеймдейтін қондырғы автокөлік иелерінің көңілінен шыққан.

– Это намного удобно, все будет ясно. Здесь будет понятно если плюс загорелся , то проезжаешь спокойно уже.

– Конечно этот знак удобный. Водителям заворачивать удобно.

Қазір Петропавлда 97 бағдаршам болса, олардың 8-і қозғалысы күрделі жол қиылыстарын реттейді. Жақын болашақта олардың барлығын жаңарту көзделген.

Саят Ермек