Қоғам

Петропавлға аса қасиетті Богородицаның белбеуі әкелінеді

Ал енді діни жаңалыққа кезек берейік. Қарашаның 17-сінде Петропавлға христиан сеніміндегі жандар үшін аса қасиетті Богородицаның белбеуі жеткізіледі. Бұл бағалы дүние Иисус Христостың анасы Дева Марияға тиесілі.

Теріскейліктер тарихи жәдігерді күндізгі сағат 14:30-да Вознесен кафедралды соборында қарсы алмақ. Кейін, сол жерде алыстан ат терлетіп келген дінбасылардың қатысумен дұға оқылады. Жалпы, белбеудің осы күнге дейін сақталып қалған бөлігі облыс орталығында қарашаның 20-на дейін болмақ. Осы датаға дейін жерлестеріміз храмға барып, құнды затқа мінажат ете алады.

Сергей Первушин – Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы:

– Белдіктің бөлігі қаламызға осыдан бірнеше жыл бұрын да жеткізілген болатын. Онда қасиетті дүниенің Грецияда сақтаулы тұрған бөлшегі әкелінген еді. Енді, бұл жолы Қазақстандағы кесіндісін көретін боламыз. Бұл белбеу біздер үшін аса қасиетті саналады. Себебі, оны Иса пайғамырыздың анасы Деве Мария түйе жүнінен тоқып, беліне таққан деген аңыз бар. Жалпы, әлемде белдіктің 10-нан астам бөлігі сақталып қалған.

Байболат Култанов