Балалар

Облыс орталығында “ЮниорКОД” бағдарламалау мектебі жұмысын бастады

Компьютер тілін меңгерудің тың әдісі. Петропавлда балаларға арналған “ЮниорКОД” бағдарламалау мектебі өз жұмысын бастады. Оқыту курсын жергілікті “PRОF IT” компаниясы қолға алған. Қазірдің өзінде мұнда түрлі бағдарламалар жасауға ниетті балғындардың саны аз емес.

Қазір мына бөлмеде 4 пен 10 жас аралығындағы ұл-қыздар, “Flappy Bird” мобильдік ойынын құрастыру үстінде. Компьютер тілін жетік меңгеру үшін бұл курсқа Аружан Аяған да қатысып отыр. 9 жасар балғын алдымен ұстазын мұқият тыңдап, кейін алғашқы ойынын құрастыруды. Бірінші сабақ болғандықтан, тәлімгердің нұсқаулары маңызды.

Аружан Аяған – Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы:

– Бүгін 1-ші күн осы жерге келдім. Көптеген мультфильмдерді істеуге болады. Музыкаларды. Сол үшін мен осы жерге келдім.

Облыс орталығында “ЮниорКОД” бағдарламалау мектебінің жұмысын бастағанына 2 апта болыпты. Мәскеулік жобаны жетгілікті “PROF ITI” компаниясы қолданысқа енгізген. Сондықтан, ұл-қызының техника тілін меңгергенін қалайтын ата-ана, оларды осы оқыту курстарына әкеле алады.

Денис Самохин – “ЮниорКОД” бағдарламалау мектебінің директоры:

– Ресейлік компанияның бағдарлама құрастырушылары балаларға сабақ берудің тың әдістерін ұсынуда. Біз курс тыңдаушыларына білікті бағдарламашы болудың жолдарын үйретеміз. Технология дамыған заманда жеткіншектердің уақытын тиімді өткізген жөн. Өйткені көп ата-аналар өз жеткіншектерінің компьютер алдында сағаттап бос отыратындарын айтады. Ал біз осы проблеманы шешудің жолын көрсетіп, баланың видео көріп, ойын ойнамай, керісінше пайдалы іспен шұғылдануына жағдай жасамақпыз.

Айта кетейік, “ЮниорКОД” бағдарламалау мектебіндегі оқыту курстары аптасына 2 рет өткізіледі. Мұндағы 1 сағаттық сабаққа қатысушылар ойын, әуен және өзге де қосымшаларды құрастырып, ой ұшқырлығын шыңдай алады.

Бақыт Садуақасов