Мәдениет

Петропавлда “Қазақстан мен Ресей: партрнёрлер диалогы” атты көрме ашылды

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Қазақстан мен Ресей партнёрлер диалогы” атты көрме ашылды. Аталған шара XV өңіраралық ынтымақтастық форумына орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы, көрмеде 100-ден астам материал жайғастырылған.

Мына фотосуретте Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей елінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведев және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кедендік Одақ құру туралы келісімге қол қойғаннан кейінгі сәт бейнеленген. Ал мынау – Ресей мен Қазақстан басшыларының былтырғы өңіраралық форумында түскен естелік фото.

Айта кетсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың қазан айында орнаған болатын. Содан бері екі елдің экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынасы бекіді. Жиналғандар осыған дәлел болатын мемлекет басшыларының ресми кездесулерінің фотоматериалдары, Омбы, Түмен Қорған облыстарының делегацияларының СҚО-на сапарлары, екі ел арасындағы достықтың дамуын көрсететін құжаттар көшірмелерімен таныса алды.

Жансұлу Бекенова – облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі:

– Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде XV өңіраралық ынтымақтастық форуымына орай “Қазақстан мен Ресей: партнерлер диалогы” атты көрме ашылып отыр. Көрменің негізгі мақсаты – екі ел арасындағы даму тарихын көрсету.

Бүгінгі шараға келген қала тұрғандары Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасы паш етілген көрмеден алған әсерлерімен бөлісті.

Майра Мақышева – Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі: 

– Көптеген жаңашылдықтарды біліп жатырмыз.

Жалпы, құжаттамалық көрмеде 100-ден астам материал жайғасқан. Тарихи-өлкетану музейінде өтіп жатқан шараны жыл соңына дейін тамашалауға болады.

Дана  Ешкенова