Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Балалар кинологиялық қызмет орталығында болып қайтты

Бүгін балалар және жасөспірімдер клубтарының 30-ға жуық мүшесі Петропавлдағы кинологиялық қызмет орталығында болды. Тәртіп сақшылары оларға төрт аяқты достарының түрлі қылмыстардың бетін ашуда қалай көмек беретінін әңгімеледі.

Сондай-ақ, экскурсия барысында балалар кинологиялық орталық аумағында белгілі бір затты жасырып, иттердің қабілетін іс жүзінде байқап көрді. Кейін тәртіп сақшылары балаларға кішігірім қойылым ұсынды. Жалпы, бүгінде кинологиялық қызмет орталығында 20 ит бар екен. Жыл басынан олардың көмегімен 20-ға жуық қылмыстың беті ашылыпты. Оған қоса төрт аяқтылар 5,5 келі есірткі затын анықтаған.

Молдир Шаяхмет