Спорт

Жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” құрамасы алматылық “Қайратпен” кездесті

Бүгін жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” құрамасы өз алаңында Премьер лиганың былтырғы күміс жүлдегері – алматылық “Қайрат” командасын қабылдады. Соңғы кездесуде оңтүстік астананың жігіттері қонаққа барған жерлестерімізді 3:1 есебімен жеңген болатын.

Жасыл алаңда – жергілікті “Қызыл жар СҚ” және алматылық “Қайрат” құрамалары. Екі команданың футболшылары да бірінші таймның алғашқы минуттарынан-ақ шабуылға көшті. Ойынның орта кезінде қонақ құраманың шабуылшысы Магамет есеп ашып, жергілікті команда қақпасына гол соқты. Бірақ жерлестеріміз де есе жібермей, 35-ші минутта таразы басын теңестірді. Гол авторы – 7 нөмірдегі шабуылшы Тимур Мулдинов.

Осылайша алғашқы тайм 1-де 1 есебімен аяқталып, футболшылар үзіліске аттанды.

– Керемет ойын болып жатыр. 1 таймда Тимур Мулдиновты атап өтер едім. Қарсыластарына есе жібермеді. Қызылжар алға!

 – Біздің құраманың жанкүйерімін. Бүгінігі ойында жеңіске жетеді деп сенемін.

Қызылжарлықтар 2-ші таймды қарқынды бастады. Бірақ қарыслас ұжым да дес берер емес. Ойын кезінде жерлестеріміздің гол соғатын мүмкіндіктері аз болмады. Дегенмен бұдан біздің жігітеріміз еш нәтиже шығармады. Ауа райының суықтығына қарамастан, жергілікті құраманың жанкүйерлері қолдауларын үдетпесе айзайтқан жоқ. Содан болар, 37-ші минутта екінші голды қарсылас қақпаға 18 нөмірдегі Момоду Сисей соқты. Сонымен есеп 2-де 1 болды.

Сергей Скорых – “Кызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:

– Бүгінгі қарсылас құраманың футболшылары кілең жастар болды. Сол себепті олар 1 таймда жақсы ойын көрсетті. Дегенмен жеңіс бізге бұйырды. Енді алдағы екі маңызды ойынға дайындаламыз. Жолымыз болады деген үміттеміз. Себебі премьер лигада қалуымыз керек.

Бұл кездесуден соң жергілікті команда турнирлік кестеде 8-ші орынға көтерілді. Қарасай стадиондағы келесі ойынды Қызылжар СҚ шымкенттік Ордабасы құрамасымен өткізеді.

Ешкенова Дана