Қайырымдылық

Полицейлер облыстық қан орталығында қан тапсырды

Өңір полицейлері қан тапсырды. Шараға облыстық ішкі істер департаментіне қарасты басқарма қызметкерлері мен түрлі бөлімдердің мамандары ат салысты.

Тәртіп сақшылары облыстық қан орталығына келіп, игі іс жасауды дәстүрге айналдырған. Өйткені, полицейлер жол көлік апаттарында зардап шегіп, қан жоғалқан жандарға көмектің қаншалықты керек екендігін жақсы біледі.

Игорь Левин – СҚО ІІД кадр жұмысы басқармасының инспекторы:

– Орталыққа кезекшіліктен босаған қызметкерлер келді. Осы ретте жол-патрульдік полициясын атап өткім келеді. Өзге басқарма мамандары да қарбалас жұмысқа қарамастан, акциядан шет қалмады.

Қан тапсырудың донорлар үшін де тигізер пайдасы мол. Өйткені, игі шара кезінде олар өз денсаулықтарын тексеріп, қандай да бір кінәраттың бар-жоғын біле алады.

Сауле Оразова – ҚР “Қызыл Ай қоғамы” ҚБ СҚОФ директоры:

– Бір донор шамамен 450 милилитр қан алынады. Бүгін 75 петропавлдық қан тапсырады. Бұл сұйықтық орталықта сақталып, керек кезде науқастарға құйылады.

Игі шара 3 сағатқа жалғасты. Нәтижесінде 60-тан астам тәртіп сақшысы қан тапсырып, 33 литрдей қан жиналды.

 

 

Бахыт Садвокасов