Әр түрлі

Петропавлда тропикалық құстар мен жануарлардың көрмесі өтуде

Петропавлға сөйлейтін құстар мен түрлі экзотикалық жануарлар қонаққа келді. 20-ға жуық аң-құс терсікейге Ресей елінің Махачкала қаласынан жеткізілген.

Дана Сәлімқызы:

– Бұл мартышка браза маймылы. Есімі – Мадина. Негізінен олар 60 жасқа дейін өмір сүре алады. Көбіне Бразилия елінде мекендейді.

Ал, мына қараторғай келген қонақтармен амандасып, қалдарын сұрастырып жатыр. Ең қызығы барлық сөздерді анық айтады. Майна есімді қанатты Индия елінде киелі құстар санатына жатқызылған. Ал сирек кездесетін қараторғайдың азығы Германияда ғана сатылады – дейді мамандар.
Бұдан бөлек, зообаққа келушілер 3 метрлік жыланды да қөре алады. Мәселен мына ала питоннның салмағы 20 келі. Ол айына небары бір рет қоянмен тамақтанады екен. Ал суды көп ішеді. Кейін тамағын екі апта бойына қорытады. Бұл бауырмен жорғалаушы көбіне батпақты жерлерді мекендейді.

Дана Сәлімқызы:

– Ал бұл тоты құстің туған елі Америка. Есімі-Гоша. Жасы төртте. Адамша сөйлей алатын бұл қанатты 1500 сөзге дейін жаттай алады. Қүтімі жақсы болса 20 жылдан артық өмір сүреді.

Шегіртке, маймылдар, жылан, қояндар және тағы басқалары – зообақта тропикалық жануарлардың 20-дан астам түрі бар.

Петр Затолокин – көрме ұйымдастырушысы, Махачкала қаласы, РФ:

– Біз Ресейдің Махачкала қаласынан келіп отырмыз. Жануарларды ұстап көруге және суретке түсуге болады. Бұл жерде сирек кездесетін құстар мен маймылдар бар. Петропавлға дейін Қазақстанның көптеген қалаларын аралап қайттық. Біздің тәлімбақта 2 мыңнан артық жануарды күтіп-баптаймыз. Өкінішке орай олардың барлығын әкеле алмадық.

Көрмеге келген балалар мол әсер алғандарын айтады. Себебі бұндай ерекше жануарларды олар күнде көре бермейді.

– Маған ұнағаны – маймылдар. Олардың мұнда түр-түрі бар екен.

– Ал, маған құстар ұнады. Олар адамша сөйлей алады екен. Түстері де түрлі түсті. Оған қоса, алыа бүркітті көрдім.

Тропикалық құстар мен жануарлар көрмесі қаламызда 29-шы қарашаға дейін тұрақтайды. Оларды тарихи-өлкетану музейінде тамашалауға болады. Үш жасқа дейінгі балғындарға кіру тегін.

 

 

Ешкенова Дана