Білім

Петропавлда Герольд Бельгерге арналған республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті

Ер есімі, ел есінде. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де белгілі жазушы, публицист, аудармашы Герольд Бельгерді еске алуға арналған «Қазақ халқының неміс ұлы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Міне, осылай деп Герольд Бельгер өзінің адам болып қалыптасуына қазақ ауылының жасаған ықпалы жайлы айтады. Сондықтан болар, атақты жазушы ешқашан өзінің ауылда өскендігін жасырмай, оны туындыларына қосып өткен. Өзі туралы жасалған көркем фильмде тағы Герольд Карлович ол оқыған қазақ мектебінен көптеген жазушылардың шыққандығын айтады. Бір басына талай дарынды ұштастыра білген тұлға осылайша, үш елдің мәдениетін, әдебиетін, тілін дамытуға үлесі қосты дейді оны білетіндер.

Александр Дедерер – «Wiedergeburt» немістер кеңесі» РҚБ төрағасы, Алматы қаласы:

– Герольд Бельгер өзін шын қазақпын деп есептейтін. Қазақшаны қазақтардан артық білемін деп те қалжыңдайтын. Бірақ ол ешқашан неміс халқының мәдениетін, тілін ұмытқан емес. Орыс тілін де қатар алып жүрді. Онымен біз 1992 жылы конференциялардың бірінде танысқан едік. Бір көргеннен-ақ, Герольд Карлович өзінің адамгерлішігі зор, патриот жан екендігін көрсетті. Әңгімелерінің барлығында СҚО туралы айтып отыратын. Ол кісіні ертерек танымағаныма өкіндім.

Герольд Бельгер бар саналы ғұмырын әдебиетке арнап алпысқа тарта кітап жазды. Әдебиет жолында Абай мұраларын зерттеп «Гете және Абай», «Асылға абай болайық» және тағы басқа қазақ, орыс, неміс тілдерінде екі мыңға жуық мақалалар мен көркем әңгімелер жазды. Оның аудармашылық қасиеті бір төбе болатұғын. Сегіз қырлы бір сырлы тұлғаның нақ осы аудармашылығы жайлы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Руслан Наурызбаев баяндама жасаған.

Руслан Наурызбаев – М.Қозыбанв атындағы СҚМУ студенті:

– Герольд Бельгер Әбдіжамал Нүрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын аударған. Ол еңбегі 600 баспа бет болып шығыпты. Бұдан бөлек те ол көптеген көрнекті қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне сәтті тәржімалады. Тағы маған Герольд Карловичтің сыншылық қасиеті ұнайды. Жазушы қандай туындыны оқыса да оған өзінің пірікін білдіріп отырған.

Ғалымның хаты, жазушының аты өлмейді дейді. Герольд Бельгердің өмірден озғанына 3 жылдан астам уақыт өтсе де, оның еңбектері ұрпағының жадынан өшпек емес.

Магжан Ахмадина