Балалар

Күзгі демалыс уақытына арналған шаралар

Мектеп оқушыларының құлағына алтын сырға! Күзгі демалыс уақытын көңілді әрі пайдалы өткіземін дегендер үшін облыс орталығында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Мәселен, тарихи-өлкетану музейінде 1-11-ші сынып оқушыларына тақырыптық дәрістер оқытылады.

Мұражай сабақтарында табиғат, ежелгі тарих пен киелі жерлер туралы сөз қозғалады. Бұдан бөлек, мәдени ошақта жалпы шолулар өткізіліп жатыр. Ал, Абылай хан резиденциясында «Дамаск болатынан жасалған қару жарақтардың» көрмесі бастау алды. Сондай-ақ, театр сүйер қауым / өңір актерлері дайындаған спектакльдерге бара алады. Тағы кішкентай теріскейліктердің көптен күткен хеллоуині де келіп қалды. Осыған орай, сити мол сауда орталығында қазанның 31-і кешкі сағат жетіде тақырыптық іс-шара ұйымдастырылмақ. Бір сөзбен айтқанда, мектеп оқушыларын үстіміздегі апта бойына көптеген қызықтар күтіп тұр.

Эльмира Садвокасова