Спорт

“Құлагер” ХК мен “Арлан” қарымта матчта кездесті

Петропавлдық “Құлагер” ХК мен көкшетаулық “Арлан” командасы қарымта матча мықтыны анықтады. Қос команда арасындағы кездесу қызықты сәттерге толы болды. Бұл ойында жергілікті құрама өткен жолғы қателіктерін жібермеуге тырысып бақты.

Қос құрама арасындағы қарымта кездесудің бірінші таймы басталды. Екі команданың хоккейшілері бірін-бірі тексеріп жатқандай көрінеді. Сол себепті бірінші жиырма минуттықта таблодағы есеп 0:0.
Екінші периодта қос құрама ойыншылары шайба үшін таласып бірнеше рет тәртіп бұзды. Дегенмен, есеп өзгерер емес. Шайбаны ұзақ күтіп қалған жанкүйерлер болса, жергілікті құраманы барынша қолдап отырды. Бірақ , кезең аяғына 8 минут қалғанда 10 нөмірлі «Арлан» шабуылшысы Вадим Бердников жергілікті құраманың қапасына бірінші шайбаны салды. Сонымен, таблодағы есеп 1:0

-Екінші таймдажақсы ойын болды. Дегенмен біздің құрамаға қарқынды қүшейті керек.

Енді, маңызды 3-ші таймға да кезек келіп жетті. Құлагерліктер есе қайтаруға тырысып бағуда. Дегенмен, ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда Станислав Боровиковтың соққысынан кейін, шайба жергілікті құраманың қақпасынан табылып, есеп 0-де 2-і болды. Осылайша, көкшетаулықтар жерлестерімізден қарымта матчта да басым түсті.

Вадим Бердников – “Арлан” ХК шабуылшысы:

– Матч өте тартысты өтті. Себебі қарсыластарымыз осал емес. Бұл кездесуде өткен жолғы қателіктерге жол бермеуге тырыстық. Нәтижесінде екі күн қатарынан жеңіске жеттік.

Сәтсіздікке қарамастан жергілікті құрама 37 ұпаймен ашық біріншіліктің турнирлік кестесінде үшінші орында тұрақтап тұр. Келесі ойын қазанның 29-і мен 30-ы күндері өтеді. Онда құлагерліктер өз алаңында астаналық хоккейшілерді қабылдамақ.

Ешкенова Дана