Петропавлда ардагерлерімен кездесу өтті

Қоғам

12:04 29 Қазан 2018

Өңірдегі Тимирязев ауданының өсіп-өркендеуіне талай жерлесіміз үлес қосқан. Олардың көпшілігі қазіргі таңда зейнетке шығып, облыс орталығында тұрып жатыр. Бірақ, бұл жандардың ерен еңбегі ұмыт қалмайды. Бүгін түрлі жылдары Тимирязев ауданында еңбек еткен ардагерлер бір-бірімен кездесіп, оларға кең дастархан жайылды.

Бүгінгі шараның құрметті қонақтарының бірі – Жақсылық Ысқақов. Себебі оның жаңадан құрылып жатқан Тимирязев ауданына сіңірген еңбегі аз емес. 1963 жылы ол аудандық партиялық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Сол уақыттан қарамағындағыларын ұжымдастырып, ел игілігі жолындағы еңбектерін ұйымдастырған. Бүгін ақсақал үзеңгілестерін де, қол астындағы мамандарды да кездестірді.

Жақсылық Ысқақов – СҚО құрметті азаматы:

– Міне бүгінгі кездесудің барысында көптен көрмеген әріптестерімді көріп жатырмын. Бұның барлығы еңбектенгеннің арқасы.

Ал, Қарлығаш Жұмабекова болса Шал ақын ауданының тумасы. Бірақ өмірінің 30 жылын Тимирязев ауданында өткізген екен. Сол жерде балабақша тәрбиешісі болып еңбек еткен. Бүгінгі кездесуде нәзік жанды көптен көрмеген ауылдастарымен қауышып, бір серпіл қалғанын айтады.

Қарлығаш Жұмабекова – қала тұрғыны:

– Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Осындай жиынға біздерді шақырып бас қосқандары жақсы болды.

Жалпы, бүгінгі шараға Тимирязев ауданының 80-ге жуық ардагері жиылды. Бір-бірін көптен көрмеген құрбы-құрдастар мен әріптестердің қуанышында шек жоқ. Дәл осындай кездесулер бұған дейін Жамбыл, Есіл, Аққайың және Қызылжар аудандарының ардагерлері үшін де ұйымдастырылған екен.

Ахметова Әдия – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Шараның басты мақсаты ардагерлеге құрмет көрсету. Олардың еңбектерін ешқашан ұмытылдмайды.

Бүгінде облыста 102 мың ардагер бар. Олардың 40 мыңы қалада тұрып жатыр.

 

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

Кәсіподақ өкілдері марапатталды
Өз ісінің үздіктері марапатталды
Селолық округ әкімі мас күйінде көлікке отырған
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Облыстық мәслихат депутаты 90 жастағы қарияға монша салып берді
Өз ісін ашқан петропавлдық жас қайырымдылықпен айналыспақшы
Жәбір көрген әйелдерге көмек көрсету
Солтүстікқазақстандық жастар пікірлерімен бөлісті
Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Биыл М.Жұмабаев ауданына 60-тан астам отбасы қоныс аударған
Петропавл тұрғыны жұмбақ жағдайларда қаза тапты
Мемлекеттің жобалардың түлектері жәрмеңке өткізді