Денсаулық сақтау

Бірінші мойын омыртқасын емдеудегі тың әдіс

Бірінші мойын омыртқасының жылжуы неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Оны қалай емдеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын Ресейден келген білікті дәрігерлер біледі. Санкт-петерборлық мамандар ағзаның атлант деп аталатын мүшесін қалпына келтіруде бүгінде тың әдісті қолданып жүр.

Мойын, иық, қол және бастағы ауырсынулар бірінші мойын омыртқасы, яғни атланттың жылжуынан туындауы мүмкін. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұндай ақау түрлі жарақаттардан ғана емес, бала туу процесінде де орын алуы ықтимал. Салдарынан бірқатар мүшелердің қызметі бұзылады. Адамды қалыпты өмірге қайта оралтуға бірегей швейцариялық әдістеменің қауқары бар. Петерборлық дәрігерлер бүгінде аталған тәсілді жемісті қолданып келеді.

Владимир Бочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Атланттың жылжуынан ірі және ұсақ қан тамырлары қысылып, миға қан жетпей қалады. Нәтижесінде остеохондроз орын алып, көздің көру қабілеті нашарлайды. Тіпті, науқас жүрек талмасына ұшырауы мүмкін. Жалпы бізге жүгінетін пациенттердің жас ерекшелігі әр түрлі. 6 айлық баладан 80-ге жеткен қарттарды да емдейміз.

Петерборлық ақ халаттылар бұл тың әдісті үш жыл ішінде сәтті меңгеріп, бүгінге дейін Ресей мен Қазақстандағы мыңдаған науқасқа кешенді көмек көрсетіп үлгерген.
Ем-домның әсерін сезіну үшін бір процедураның өзі жеткілікті дейді ресейлік мамандар. Ол тек 15 минутқа созылады. Ал ауру қайталанбас үшін пациент оңалтудан өтуі керек.

Людмила Васюк:

– Таңертең төсектен тұрған кезде, белім ауыратын. Ал ем қабылдағаннан кейін, өзімді әлдеқайда жақсы сезініп жүрмін.

Ресейлік ақ халаттылар Петропавлда қазанның 28-інен қарашаның 1-іне дейін болады. Қабылдауға жазылу үшін 63-21-72 нөміріне хабарласу қажет. Ем-дом шаралары мен қажетті кеңес беру М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен жайы бойынша орналасқан ғимараттың 7 қабатындағы “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Тогжан Акмагамбетова