Денсаулық сақтау

29-қазан – Дүниежүзілік инсултьпен күрес күні

Облыстық ауруханада дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Оның барысында өзінің денсаулығына немқұрайлы қарамайтын жерлестеріміз дәрігерлердің қарауынан өтті. Яғни, психолог, терапевт және невролог мамандар тұрғындарға тегін кеңес беріп, ем-дом шараларын көрсетті.

Күләш Ғалымованың жүрегі жиі ауырады әрі қан қысымы да үнемі көтеріліп кететін көрінеді. Сол себепті, зейнеткер әркез дәрігерге қаралып тұрады. Бүгін де облыстық ауруханада ашық есік күні ұйымдастырылады дегенді естіп, тескеруден өтуді ұйғарыпты.

Күләш Ғалымова – қала тұрғыны:

– Дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Осындай шаралар жиі өте берсін.

Ал Иван Сергеевтің жүрегіне 14 жыл бұрын ота жасалған екен. Соған байланысты оған үнемі тексертіп өтіп тұру қажет. Бүгін дәрігерлерге осы мақсатпен келген қала тұрғының қандағы қант мөлшерінің жоғары екендігін анықтады.

Иван Сергеев – қала тұрғыны:

– Ашық есік күнінде холестерин мен қан қысымымды тексерейін деп келгем. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, жақсы болар еді. Себебі бір жерден бірнеше дәрігердің қаралуынан өтуге болады. Бұл арқылы біз уақытымызды үнемдеп, кезекте көп тұрмаймыз.

Жалпы, облыстық ауруханаға үстіміздегі жылдың 9 айында инсультпен 900-ге жуық науқас түскен. Бұл ауруға шалдыққандардың 31%-ы әрдайым күтімді қажет ететін жандар. Ал, 8% -ы толғымен сауығып, жұмыс істей алады. Айта кетерлігі, өткен жылғы көрсеткішпен салыстарғанда биыл облысымызда инсульттің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5%-ға азайған.

Ирина Зламанец – облыстық аурухана жанындағы инсульт орталығының меңгерушісі:

– Инсульттің негізгі екі түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт. Биылғы науқастардың 20 % ишемиялық инсульт алған. Олардың 53% мүгедек болып қалады. Сол себепті, біздің басты мақсатымыз – халыққа бұл аурудың бастапқы белгілерін таныта білу. Негізінде инсульт қан қысымының жиі жоғарылауынан орын алады.

Қазір облыстық аурухана жанындағы инсульт орталығында науқастарды емдеп, оңалтуға арналған қажетті диагностикалық жабдықтардың барлығы бар. Дәл осындай орталық 2012 жылы 3-ші қалалық ауруханада да ашылған болатын.

Дана Ешкенова