Балалар

Петропавлда “Туған елге тағзым” экспедициясы басталды

“Туған елге тағзым”. Назарбаев Зияткерлік мектебінің осы жобасы аясында Петропавлға шырайлы Шымкент пен құт қонған Қызылордадағы аталған білім ошақтарының 24 студенті келді. Олар 1 апта бойы шаһарымыздың көрікті жерлерін аралайды. Кейін білген-көргендерінен ой түйіндеп, ғылими жұмыста іске жаратады.

Бұл жасөспірімдер шырайлы Шымкент пен Қызылорда қаласынан келген. Олар өздерінің бір апталық күзгі демалыстарын Қызылжар елінде өткізетін болады. “Туған елге тағзым” жобасы аясында оқушылар шаһардың ең көрікті жерлерімен танысып жүр. Мәселен, бірінші күні меймандар ботаникалық баққа, Пестрое көліне барып, шаһардың бас көшесі мен қаладағы алып спорт сарайын аралап үлгерген.

Назкен Ауелбек – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті, Шымкент қаласы:

– Бұл каланың көп жерлерін аралап өттік. Әсіресе осы спорт сарайы маған ұнады. Себебі спортшылар үшін мұнда жақсы жағдай жасалған екен. Менің ойымша Петропавл жан жағынан дамыған қала.

Жалпы экскурсияға екі қаладан 24 оқушы келген. Олардың барлығы жыл басынан бері оқуда жақсы нәтиже көрсетіп, осы жобаға іліккен. Жасөпірімдердің айтуынша бұл экскурсия оларға Қазақстанның көрікті жерлерін жан-жағынан танып-білуге мүмкіндік береді.

Перизат Абдирова – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті, Қызылорда қаласы:

– Көбі осындай қалаларға келе бермейді. Дегемен менің ойымша Петропавлдың көрікті жерлері жетерлік. Осы экспидицияның арқасында елімізде осындай сырлы қаларлар бар екенін білдік.

“Ақ қайындар өлкесі” атты тақырыпқа ие болған танымдық-өлкетану экспедициясына қатысушылар қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Сарытомар ауылына да барады. Кейін меймандар Айыртау ауданындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың мемориалдық кешеніне, Айғаным қонысы – Шоқан Уәлиханов музейіне жол тарпақ. Айта кенкен жөн, саяхат аяқталған соң, балалар жиған-терген білімдерінің негізінде ғылыми, публицистикалық еңбек жазады.

Гүлжайна Сайфуллаева – педагог-ұйымдастырушы, Қызылорда қаласы:

– Осы жоба аясында алдыңғы оқу жылдарында біздер Алматы, Көкшетау және Атырау қалаларында болдық. Жақсы әсерде келген оқушылар жаңа жобалар жасап, ары қарай жұмыстарын жалғастырған болатын. Алға қойылған мақсат жүзеге асырылып келеді деуге болады.

Жалпы оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, бойларына патриоттық сезім ұялату мақсатында қолғак алынған “Туған елге тағзым” жобасы 2012 жылдан бері сәтті жүзеге асып келеді.

Дана  Ешкенова