Мәдениет

Петропавлда шығармашыл отбасылық ансамбльдер арасында байқау өтті

Қалалық мәдениет үйінде отбасылық ансамбльдердің арасында “Союз родных сердец” облыстық байқау өтті. Шығармашылық сайысына өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 13 өнерлі жанұя қатысып, ән шырқап, өзара мықтыны анықтады.

Бұл – ағайынды Еркін және Еркебұлан Нұрбахтиновтер. Айыртау ауданының үмітін арқалап келген қос дарын конкурста алғашқылардың қатарында сахна төрінде өнер көрсетіп жатыр. Дәл қазір жігіттер көрермендерге “МузАрт” тобының “Рахмет саған туған ел” әнін орындауда.

Ағайынды Нұрбахтиновтер бұған дейін “Жас қанат-2009” республикалық байқауында лауреат атаныпты.

Еркін Нұрбахтинов – байқауға қатысушы, Айыртау ауданы:

– Жалпы отбасымызда барлығы өнерге жақын жандар. Анамда, әкемде, екі әпкем мен ағам бар, олардың бәріде ән айтады. Енді, олар үйде тақымдарын қысып отыр. Құдай қаласа, жақсы өнер көрсетеміз деген ойдамын.

Шығармашыл отбасылық ансамбльдердің “Союз родных сердец” атты байқауына барлығы 30-ға жуық өнерлі жерлесіміз қатысып отыр.

Әзина Темешова – облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының әдіскері:

– Бұл байқаудың басты мақсаты – ансамбльдердің вокалдық шеберлігін шыңдау, оны дамыту және отбасылық құндылықтарды нығайту. Осы іс-шараға бүгін 13 ауданнан және Петропавл қаласынан өнелегі де, өнерлі отбасылар қатысады.

Конкурс соңында жеңіс тұғырынан көрінген өнерлі жандарға ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Тогжан Акмагамбетова