Облыстық қуыршақ театрының ұжымы қос фестивалге қатысып қайтты

Мәдениет

10:06 24 Қазан 2018

Жақында СҚО қуыршақ театрының ұжымы қос бірдей халықаралық фестивалге қатысып қайтты. Оның алғашқысы Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында өтіпті. Екінші шара Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде ұйымдастырылған.

Қыркүйектің соңында Ақтөбе қаласында 5-ші халықаралық “Ассалаумағалейкум” фестивалі өтті. Бұл шараға жергілікті өнер ұжымы Павел Бажовтың “Серебренное копытце” ертегісін апарған. Оны талантты актер Алексей Василев өзі жалғыз ойнап шығыпты. Нәтижесінде ол алғыс хатпен марапатталған.

Бұдан бөлек, жергілікті театр ұжымы қазанның 5-14 күндері Мәскеуге барып қайтты. Онда да теріскейлік актерлер ТМД елдеріндегі мәдениет жылына арналған халықаралық фестивалге қатысты. Көрші елде жерлестеріміз 11 жастан асқан көрермендерге арналған “Степной нактюрн или между рассветом и закатом”спектаклін ойнапты. Бұл әлемге әйгілі режиссер Евгений Ибрагимовтың ерекше қойылымы. Себебі, ол тас қараңғы сахнада еш дыбыссыз көрермен назарына ұсынылады.

Айгүл Хасенова – СҚО қуыршақ театрының актрисасы:

–  Бұл спектаклде біздің тарихымыз көрсетіледі. Нақтырақ айтатын болсам қазақ халқының бастан өткерген қиындықтары суреттеледі. Мысалы, қойылымға қатысқан 8 актер жоңғар шапқыншылығын, ҰОС, қуғын-сүргін мен аштық кезеңінде болған жағдайларды сахналайды. Евгений Ибрагимов осы туындыны әзірлер алдында әдейі қаламызға келіп бізбен кездесті. Сонда әрқайсысымыздан тарих жайлы сұраған болаған. Кейін, өзі осындай тамаша спектаклді дүниеге әкелді.

Халықаралық фестивалде бұл қойылым көрерменнің жоғары бағасын алыпты.

Нұрсұлтан Қалқабек – СҚО қуыршақ театрының актері:

–  Спектаклді бір рет ойнауымыз керек болатын. Бірақ, көрермендерді қайта-қайта сұратты. Сондық біз қойылымды 5 рет сахналадық.

Бұл шарада да жерлестеріміз алғыс хатпен марапатталыпты. Айта кетейік, халықаралық фестивалге 10-нан аса елдің актерлері қатысқан болатын. Мұнымен облыстық қуыршақ театрының сапары аяқталмайды. Ұжым мүшелері Қазақстан мен Ресей елдерінің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Омбы қаласына гастрольмен бармақ. Кейін, бізге омбылық өнерпаздар келетін болады.

Култанов Байболат

Бұдан әрі оқыңыз

Қылқалам шеберлерінің картиналары көрмеге қойылды
“Таза отбасы ісі” атты қойылымның премьерасы өтті
Оқушылар жергілікті жазушылардың жаңа шығармаларымен танысты
Галина Воробьеваның жаңа туындысы жарық көрді
“Айка” фильмі Қытайда тағы екі жүлдеге ие болды
Швед елшісі Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында болды
“Харекет” қайырымдылық қоры 158-ші баспана сыйлады
Ақын Татьяна Пенькошинаның шығармашылық кеші өтті
НЗМ студенттері халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Жерлес жас ақындар жүлделі оралды
Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті
“Жылымық” атты қойылымның премьерасы өтті