Құқық қорғау органдары

Қала көшелерін түнгі уақытта кезіп жүрген 15 жасөспірім анықталды

Өткен демалыс күндері қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу шарасын өткізді. 2 күндік рейд барысында қаладағы 20-дан аса ойын-сауық орталығы тексерілген. Нәтижесінде түнде көше кезіп жүрген 15 жасөспірімдер ұсталды.

Сағат түнгі 12-лер шамасы. Полицейлердің назарына Абай мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан 4 жасөспірім ілікті. Тәртіп сақшыларынан жалтаруға әрекеттенгенімен, олар алысқа ұзай алмады. Тексеріс барысында ұсталғандардың спирттік өнімдерді ішкендігі анықталады. Құқық қорғаушылар бірден түн жарымда көше кезіп жүргендердің ата-аналарын шақыртып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Мүмкін сіз, қазір үйден кетіп қалған шығарсыз – біз бұл жайлы білмейміз. Ертең анаң сені іздеуі мүмкін. Сіз қазір қайда болуыңыз керек?

– Үйде.

– Үйде ме? Сіз мүмкін үйден кетіп қалған шығарсыз! Мүмкін сіз үш тәулік бойы үйде қонбаған шығарсыз! Біз осының бәрін анықтауымыз қажет. Сол үшін осындай жұмыстар жүргізіледі.

Осы күндері полицейлер шаһардағы 20-дан астам ойын-сауық орындары мен оларға іргелес аумақтарды бақылауға алды. Сондай тексерістердің бірінде қорқор тарту фактісі анықталған. Өстіп, заңға қайшы әрекет жасаған пысықай бизнес иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Рейдке құқық қорғаушылардан бөлек қалалық мәслихат депутаттары, білім саласының мамандары қатысты.

Данияр Уәлиев – қалалық маслихат депутаты:

– Бүгін біз қалалық маслихат депутаттары және полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік жұмысқа қатыстық. Бүгінгі күні біз әрине қаланың екінші жағын көрдік деп айтуға болады. Полиция қызметкерлерінің жұмысын көрдік қандай қиын және күрделі екенін. Мен ойлаймын егер де осындай қызметкерлер бар болатын болса біздің қаламыз тиыш болады.

Жалпы жедел алдын алу шарасының барысында полицейлер 80-нен астам түрлі құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Бахыт Садвокасов