Мәдениет

Қазанның 22-сі – Халықаралық мектеп кітапханасының күні

Қазанның 22-сі – Халықаралық мектеп кітапханасының күні. Осыған орай бүгін №32 орта мектепте поэзиялық кеш өтті.

Мұнда жас оқырмандарға Борис Пастернак, Андрей Вознесенский, Эдуард Асадов, Белла Ахмадулина сынды көптеген ақын-жазушылардың туындылары оқылды. Айта кету керек, бүгіндері №32 орта мектептің кітапхана қорындағы оқулықтар мен түрлі жанрдағы әдебиеттердің саны 20 мыңға жуықтайды екен. Сондай-ақ, осы жерде “Кітап арқылы ізгілік пен қайырымдылыққа” атты акциясы бастау алды. Шара аясында кез келген адам мектепке қалаған кітабын әкеліп, сыйға тартуына болады.

Людмила Войцеховская – №32 орта мектептің кітапханашысы:

– Мектеп кітапханасы әлеуметтік институт ретінде өте ауқымды рөл атқарады. Өйткені, осы жерге кез келген жастағы бала келіп, жаны қалаған кітапты ала алады. Біздің кітапханада оқырмандарға барлық жағдай жасалған. Біз балалардың әдебиеттерді кішкентайынан оқуы үшін түрлі шаралар ұйымдастырып отырамыз.

Тогжан Акмагамбетова