Құқық қорғау органдары

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Облыс аумағында республикалық “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полицейлер 3 күн ішінде өңір жолдарында 400-ге жуық бұзушылық фактісін анықтаған.

Республикалық «Автобус» жедел алдын алу операциясы жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Кезекті шарада қалааралық қоғамдық көліктер ерекше бақылауға алынды. Тек «Оңтүстік» өткізу бекетінде тәртіп сақшылары бір сағаттың ішінде 2 бірдей заңбұзушылықты анықтапты. Түркістан облысына бағыт алған бірінші автобус жүргізушісі салонға шамадан тыс жолаушыларды отырғызған. Ал Петропавлдан Сарыағашқа бет алған қоғамдық көлікте алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болмай шықты.

–  Куда направляетесь? В Сарыагаш. Почему людей перевозите без аптечки? Забыли? Сумма штрафа 5 МРП. Конечно, вы имеете право оплатить 50 процентов от суммы штрафа.

Өкінішке қарай полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүйелі өткізссе де, тәртіпті елемеу фактілері азаймай отыр. Мәселен, осы жолғы шара барысында жолда жүріп келе жатып телефонмен сөйлескен 100 заңбұзушы анықталды. Тағы жылдамдықты шамадан тыс асырған 38 жүргізуші назарға ілігіпті. Сорақысы сол, автобус рөлін ұстаған 19 адамда көлік құралын басқару құжаты мүлдем болмай шыққты.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Осы жедел алдын алу іс-шарасының басты мақсаты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгін рейдтік іс-шаралар өткізу барысында көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік құралының техникалық жағдайына аса назар аударылды.

Жалпы 3 күндік рейд кезінде тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жіберген 389 олқылықты анықтаған.

Бахыт Садвокасов