Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары зауыттардың жұмысымен танысты

Осы күні “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев зауыттардың жұмысымен танысты. Өңір кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті өнімдер шығару қажеттігін айтып, ірі жобаларға мемлекет тарапынан зор қолдау болатынын жеткізді.

Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын іргелі өндіріс ошақтары жетерлік. Отандық кәсіпорындардың ішінде Киров атындағы зауытты ерекше атап өтуге болады. Мұндағылар соңғы жылдары құрал-жабдықтарды ішкі нарықтан бөлек, сырт мемлекеттерге де саудалауда.

Мәди Бектенов – «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ маркетинг және сату департаментiнiң директоры:

– Біз қорғаныс, темір жол салаларына қажетті бұйымдар жасап шығарамыз. Қазіргі таңда теміржолға қажетті жаңа құрылғылар шығарудамыз.

Іргелі кәсіпорынның жұмысымен “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев танысты. Елордалық мейман Киров зауытының
өнімдеріне жоғары бағасын берді.

Осы күні “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары “Радуга” серіктестігінің цехтарын аралады. Аталмыш компанияның бас директоры Дмитрий Шарапаев жоспарларымен бөлісті. Мұндағылар алдағы уақытта индустриалдық аймақта төрт бірдей жобаны жүзеге асырып, нәтижесінде 400 жұмыс орнын құрмақшы. Өңір кәсіпорындарының әлеуетін көрген Мәулен Әшімбаев шағын және орта бизнеске бұдан да зор қолдау көрсетілетін болады деді.

Мәулен Әшімбаев – “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасымыз бизнеске ерекше көңіл бөледі. Президент тапсырмаларының жергіліктіжерлерде дұрыс орындалуына әрине бізбастауыш партия жауапты. Алдағы уақытта елбасы тапсырмасымен шағын және ортабизнеске 500 млрд теңге бөлінеді.

Алдағы уақытта еліміз Қытай нарығына барынша енуге мүделлі. Осы орайда “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев
аталған шет елді ауыл шаруашлығы өнімдерімен қамтуға СҚО-сы да ат салысу қажетігін айтты.

Берік Қасен