Құқық қорғау органдары

Өңірде «Участке» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді

Қалада ойын автоматтары орналасқан кеңсе мен кальян шегетін екі дәмхана анықталды. Тәртіп сақшылары заңбұзушылыққа жол бергендерді «Участке» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының аясында анықтапты. Жалпы рейд барысында 100-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Түнгі уақытта ата-аналарының бақылауынсыз көше кезіп жүрген мына жасөспірімдерді тәртіп сақшылары арнайы рейд барысында анықтаған.

– Почему на улице находились?

– Поздравляли подругу с днем рождения.

– А вы знаете, что подросткам нельзя гулять после 23 часов?

 – Да.

 – А родители знают, куда вы ушли?

– Да. Сколько лет вам, полных?

 – 16.

– А где учитесь?

 – В железнодорожном колледже.

Шара барысында тәртіп сақшылары тек бір түннің ішінде кәмелет жасына толмаған 8 жасөспірімді ұстаған. Сөйтіп, көше кезіп жүргендердің 2-уі бейімдеу орталығынан бірақ шыққан. Жалпы рейд аясында полицейлер сыраханалар мен дәмханаларда да тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі мекемеден кальян тәркілеген. Оларды тартуға тыйым салынса да, ережені ескеріп жатқандар шамалы. Ал Жамбыл көшесінің бойындағы мына кеңседен ойын автоматтары анықталды.

Полиция қызметкерлері ұйымдастырған түнгі рейдке ІІД жанындағы консультативтік кеңесші органның мүшелері мен депутаттар да қатысты.

 Павел Афанасьев – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Бүгін біз полиция қызметкерлерімен рейдке шығып, біраз заңбұзушылықтардың куәсі болдық. Кей солтүстікқазақстандықтар өздері кінәлі бола тұра, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық танытып, оларға дөрекі сөздер айтады. Сондықтан мен барша азаматтарды адамгершілік қасиетті сақтап, полицейлердің жұмысына құрметпен қарауға шақырамын.

Жалпы жұмадан сенбіге қараған түні өткізілген «Участке» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында 100-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұдан бөлек, көлікті мас күйінде басқарған 5 жүргізуші ұсталды. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады дейді полицейлер.

 

 

Магжан Ахмадина