МТРА жаңалықтары

Теріскейліктер Елбасы жолдауын қызу талқылауда

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында Елбасының жолдауы талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар әрбір саланың дамуына қажет тетіктерді қарастырып, өз ұсыныстарын тастады.

Елбасының кезекті жолдауы – Қазақстанның алдағы уақытта дамуын айқындайтын ауқымды жоспар. Биыл маңызды құжатта басымдық мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға берілген болатын. Президенттің әрбір тапсырмасы осыған дейін де талай рет талқыланды. Алайда, көзделген мақсатты әлі де 100 пайызға орындай алмаудамыз. Бұл қазақстандықтардың қолда бар мүмкіндікті пайдаланбауында дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық төрағасы Иван Кендюх.

Иван Кендюх – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының СҚОФ төрағасы, э.ғ.д.:

– Өркениетті елдер қатарында болу үшін біз ғылымды нығайтуымыз қажет. Әсіресе, аграрлы саланы дамытуға септесетін жобалар керек. Сондықтан, ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы мен құрылымында біраз өзгерістер қажет деген ойдамыз. Сондықтан, алдағы уақытта біздің партия аталған бағытта еңбек ететін болады. Нәтижесінде, Парламентке өз ұсынысымызды жеткізбекпіз.

Жиын барысында әр қатысушы Елбасы жолдауының төңірегінде өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл,-демекші тапсырмаларды орындауға қазақстандықтар бір адамдай бірігуі керек. Себебі, бүгінде қай салада болмасын шикіліктер кездесіп жатыр. Оны шешу үшін тың идеялар мен жобалар қажет. Жангелді Тәжин білім жүйесінде 50 жылдай қызмет етеді. Ол аталған салада орын алған талай реформалардың куәгері болған. Сондықтан, оқушыларды күтіп тұрған өзгерістерге дән риза.

Жангелді Тәжин – «Халықаралық қазақ тілі» ҚБ СҚОФ төрағасы:

–  Ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін енді білім саласына бөлінетін болады. Бұл – өте қуантарлық жайт. Себебі, балаларға сапалы білім беру үшін, мектептерде тиісті жағдай жасалуы қажет. Бұл бағытқа бөлінетін қаржы артатын болса, ақпараттық технологияларды балалалар жоғары деңгейде меңгереді.

Жолдау аясында елімізде атқарылатын шаруа мол. Бастысы – бұл іске барлық қазақстандықтар ат салысуы қажет.

Эльмира Садвокасова