МТРА жаңалықтары

Қыздарға қолөнерден шеберлік сағаты өткізілді

Елімізде халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік бастау алды.
Оның аясында отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік сағаты өткізілді.

Мата, киіз, бисер. Дәл қазір отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері аталған заттардан түрлі бұйымдар жасап үйренуде. Шеберлік сағатына келген Татьяна Ахмадеева, қолөнердің ішінде кесте тоқығанды ұнатады екен.

Татьяна Ахмадеева – отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушісі:

– Кесте тігуді 7-сыныпта үйрендім. Бұл іс маған ұнайды. Көңіл-күйім көтеріледі. Болашақта осы кәсіп түрін жақсылап меңгеріп алсам деймін. Кейін киімдерді кестелеп, оны тұрғындарға сатып табыс табу армандарымның бірі.

Жасөспірімдерге арналған шеберлік сағатын СҚО жастар ресурстық орталығының өкілдері ұйымдастырыпты. Олар осы шара арақылы өскелең ұрпақты қолөнерге баулымақшы.

Зарина Қожанова – СҚО жастар ресурстық орталығы бөлімінің жетекшісі:

– Қызздар бисерден гүл тоқиды, жүн және киізден ойыншықтар жасап шығарады. Аталмыш шара қыздардың қолөнерге деген қызушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Шеберлік сағаты қыздарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау республикалық онкүндігінің аясында өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ұйымдастырылып отыр.

Облыстық жастар ресурстық орталығы осыған ұқсас шараларды ұдайы өткізіп тұрмақшы.

Берік Қасен