Спорт

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер шахматтан өзара мықтыны анықтады

Петропавлда мемлекеттік қызметшілердің арасында ашық аспан астындағы шахматтан жарыс өтті. Ақыл-ойды қажет ететін спорт түрінен 20-ға жуық жерлесіміз 3 күн бойына өзара бақ таластырды.

Дәл қазір ақтық сында қалалық әкімдіктің және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері өзара мықтыны анықтауда.

Әзірге, қос команданың мүшелері тең дәрежеде ойнап жатыр. Мәселен, екі жақта да фигуралардың саны бірдей. Дегенмен, қалалық әкімдік құрамасының қарсыластары ұзақ ойланғандықтан, уақыт жағынан ұтылып барады. Сол себепті, бүгін жеңіс әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілерге бұйырды.

Мұратбек Тәліпов – Петропавл қалалық әкімдіктің сектор меңгерушісі:

– Кәсіпқой шахматшылар емеспіз. Дегенмен, біздің қалалық әкімдіктің ойыншылары жеңіске жетті. Ойын қиын болды деп айта алмаймын. Дене қимылы болмаса да, миымыз кішкене жұмыс жасады.

Барлығы логикалық ой-өрісті дамытатын спорт түрінен өткен жарысқа 20-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысқан.

Салтанат Мұқанов – жарыстың төрешісі:

– Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің арасында шахмат ойынын насихаттау болып табылады. Алдағы уақытта мұндай жарыстар жалғасын табады.

Жалпы 3 күнге жалғасқан сайыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген командалар грамота және медальмен марапатталды.

Тогжан Акмагамбетова