Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі қаланы аббаттындыру жұмыстарымен танысты

Келер жылы Петропавлда суда жүзу спортымен шұғылдану үшін арнайы клуб құрылмақ. Онда осы іске қызығушылық танытқан балалар жаттығатын болады. Әзірге нысан бой көтеретін Пестрое жағажайы абаттандырылып жатыр. Бүгін осы аумақтағы және қаланың басқа да аудандарында тындырылған жұмыстармен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

Пестрое көлінің жағажайы – тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі. Мұндағы шағын аумақ бұған дейін абаттандырылып, алыстан көз тартатын стела қойылды. Ал, осы жердегі «Лана» дәмханасына дейінгі жер игерусіз жатты. Енді, осы 21 жарым мың шаршы метр алаң көркейтілмек. Айта кету қажет, бұл маң жеке меншіктен алынып, қалалық әкімдіктің иелігіне өтіпті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біз мақсатсыз қолданылған жерді қайтарып аламыз. Мәселен, мына аумақ соттың шешімі бойынша қалалық әкімдікке өтті. Себебі, бұл алаңда ештене тұрғызылмады, абаттандыру жұмыстары жүргізілмеді. Енді, тиісті іс атқарылып жатыр. Мұның бәрі тұрғындардың игілігі үшін жасалды.

Жағажайдағы жаңғырту жұмыстары мамыр айында басталған. Көктемнен бергі атқарылған іс жайын қала әкімі Марат Тасмағанбетов түсіндіріп жатыр. Шаһар басшысының сөзінше мұндағы шаруаға 155 млн теңге қарастырылған.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– 5400 шаршы метр жерге кеспе тас төселді. Одан бөлек балалар алаңқайы да бой көтерді. Тағы, 2 бірдей шатыр орнатылды. Олардың астына демалушыларға арналған жатақтарды молынан қоямыз. Мұның бәрі келушілердің тынығуына қажет.

Бұдан бөлек, аумаққа 50 жарықшам, орындық, қоқыс жәшіктері мен кіші архитектуралық құрылымдар орнатылыпты. Тағы, шырша және шетен көшеттері егілген. Көлік тұрағы да 150 орынға кеңейіпті. Келер жылы жұмыс жалғасын таппақ. 2019-дың көктемінде алаңда гүлзар бой көтереді. Бұл ретте өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов жағажай әдемі әрі халыққа жайлы болу қажеттігін қаперге салды.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Жұмыстар жалғасатын болады. Келер жылы мұнда суда жүзу спортымен шұғылдану үшін арнайы клуб құрылмақ. Онда балалар қайық спортымен айналысатын болады. Қажетті дүнилерді алуға қолдау көрсетеміз. Маңай одан әрі абаттандырылады, көл де тазартылады.

Тағы, мұнда сахна мен сауда павилиондары қойылады. Бұдан соң, жиналғандар екінші нысанға бет алды. Жол жөнекей Құмар Ақсақалов қала әкіміне қалың шөптерді шабу, дүкендердегі жарнамаларды жаңалау қажеттігін айтты. Ал, бұл жақында ғана халық игіліне тапсырылған “Көктөбе” саябағы. Демалыс орнының жобасын елордалық сәулетші әзірлепті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Жаңадан ашылған саябақтарда ұлттық нышандарды көрсетіп жатырмыз. Мұндай жұмыстар Мағжан Жұмабаев пен Кәрім Сүтішев көшелерінің қилысында да жасалды. Тапсырыспен жасатқан “Шаңырақ” өте тамаша шыққан.

Көктөбе саябағына қазақ батырының жүзігі, сандық, киіз үйдің есігі сынды кіші сәулеттік құрылымдар қойылыпты. Атқарылған жұмысқа жақын маңдағы көпқабатты баспаналардың тұрғындары дән риза.

Владимир Шатохин – қала тұрғыны:

– Атқарылған іске көңілім толады. Барлығы тамаша жасалған. Әсіресе, сәулеттік құрылымдар керемет. Жалпы, бұл жер ғана емес қаламыздың басқа да аудандары абаттандырылып жатыр. Оған өз басым ризамын. Шаһарымыз көркейе берсін.

Саябаққа газон төселіпті. Алдағы уақытта мұнда ағаш бұталары егілмек. Ал мынау, облыс әкімі тілге тиек еткен “Шаңырақ” сәулеттік құрылым. Ол түнде түрлі-түсті жарық шашып, айналаны көрікті ете түседі.

Марат Тасмаганбетов, аким г.Петропавловска:

– Шаңырақтың биіктігі – 8 метр. Ені – 12 метрді құрайды. Құрылымның ортасына “Тай қазан” қойылған. Ал, маңында орындықтар бар. Кеше кешкілік шамдарды іске қосып көрдік. Барлығы жұмыс істеп тұр. Шаңырақтан маңайға 4 түрлі түсті сәулелер жарқырайды.

Жалпы бұл – Қазақстан халықтарының достығын бейнелейтін құрылым болмақ. Енді, мұнда сан алуан мерекелік шараларды да ұйымдастыруға болады. Ардегерлер қауымы сәулетті нышанның мәні зор дейді.

Самат Қасымов – зейнеткер:

– Шаңырақтың тұрғызылғандығы жақсы. Бұл біздің балаларымызға үлгі болады.

Ал, “Апаттық қызмет” өндірістік кооперативі қала көшелеріндегі жарықтандыруды қадағалайды.

Юрий Бацанов – “Апаттық қызмет” ӨК директоры:

– Отсюда мы включаем Келлеровку, Покровку по средством радиосигнала. У нас очень мощные радиопередатчики.

Енді, бүгіннен бастап мұндағы мамандар Петропавлдың 9 көшесіне орнатылған жаңа шамдардың жұмысын бақыламақ. Олар ортақ базаға қосылған. Сондықтан, қандай да бір ақау шықса, қызметкерлер олқылықты жүйеден көріп, бірден жөндейді. Жаңғырту шаралары көпқабатты үй аулаларында да жүргізіліп жатыр. Мәселен, Болатбаев 28 мекен жайының маңайы асфальтталып, балалар алаңқайы орнатылыпты. Осы сынды іс жақын маңдағы “Балдәурен” балабақшасы жанында да атқарылған.

Раушан Қазиқанова – “Балдәурен” балабақшасының меңгерушісі:

– Асфалтьымыз кеңейді. Автотұрақ пайда болды.

Жалпы, биыл 110 аулаға кіре беріс жол жөнделіпті. Іс келер жылы да жалғаспақ. Одан бөлек, Елбасы тапсырмасына сай үй маңайларында тренажерлік құрылғылардың саны артады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында үй аулаларына тренажерлер қою қажеттігін айтты. Мұны біз міндетті түрде жүзеге асырамыз. Себебі, спорттық құрылғыларда шыныққан адам сергек жүреді. Осының нәтижесінде ауруханаға жиі бармайтын болады.

Қизатов көшесі бойында да ауқымды жұмыс атқарылды. Мәселен, бұрындары қамыс басып жататын мына жер қазір әдемі саябаққа айналды. Оны абаттандыру үшін қалалық билік, маңайға кеспе тас төсепті, көгалдандыру жүргізіп, веложолақ жасаған. Тағы, қауіпсіз төсеніштері бар балалар алаңқайын да тұрғызыпты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Өткен жылы бос жатқан, қамыс басқан жерлерді саябақтарға айналдыру жайлы шешім қабылдадық. Биыл міне жоспарланған істің бірінші кезеңі аяқталды. Мұндағы веложолақ Қизатов көшесі бойымен өтуі керек. Тағы да көркейту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Әсіресе, жарық шамдарын көптеп орнату қажет. Әйтпесе дала кешкілік және түнгі уақытта қараңғы. Ол үшін қажетті ақшаны бөлетін боламыз.

Сапар барысында өңір жетекшісі мұндай көрікті саябақтар қаламыздың әр ауданында болу қажеттігін айтты. Тағы, Құмар Ақсақалов жиналғандарға жерге белгі жасаудың жаңа технологиясын әңгімеледі. Тың әдіс, яғни термопластик біздің қаламызда алғаш рет қолданылып отыр. Оны 250 градуста жағады. Мұндай жолмен төселген полмимер 2-3 есе ұзақ сақталады екен.

Байболат Бектемірұлы