Аптадағы маңызды жаңалықтар

Теріскейліктер Елбасы жолдауын орындауға дайын

Сөзден іске көшетін кез жетті. Теріскейліктер Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті жолдауында айқындалған міндеттерді орындауға дайын. Стратегиялық маңызы бар құжатта ел дамуына қажет барлық тетіктер көрсетілген болатын. Солардың бірі -агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі міндеттер.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа арналған жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін сөз еттті. Яғни, еңбек өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2022 жылға дейін 2,5 есе көбейту қажет. Бұл ретте жүйелі әрі жан-жақты жұмыс қажет. Мәселен,«Зооветснаб» серіктестігі 1932 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысатын солтүстікқзақстандықтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде. Сондықтан, кәсіпорын өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға ерекше мән береді. Препараттардың басым бөлігі ветеринария саласындағы аурулардың алдын-алуға бағытталған. Олардың барлығы қолданысқа енбес бұрын жіті тексерістен өтеді екен. Әсіресе, мамандар нарыққа жаңа ғана шыққан дәрі-дәрмек пен вакциналардың сапасын жіті қадағалайды.

Владимир Притчин – «Зооветснаб» ЖШС директоры:

–  Біздің серіктестік СҚ-дық агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың 60 пайызымен жұмыс жасайды. Сондықтан, осы бағыттағы жаңашылдықтарға біз де көңіл аударамыз. Атап айтсақ, мал шаруашылығын дамыту мақсатында енгізіліп жатқан заманауи технологиялар мен препараттарға қызығушылық танытамыз. Елбасы өз жолдауында аталған шаруаны күшейту қажеттігін атап өтті.

Тағы Елбасы стратегиялық маңызы бар құжатта ең төменгі жалақының 1,5 есеге көбейтуді тапсырған болатын. Аталған өзгеріс еліміздегі күнкөрісі төмен 1 млн 300 мың тұрғын мен бюджеттік мекемелерде еңбектенетін 275 мың маманды қамтымақ.

Владимир Притчин – «Зооветснаб» ЖШС директоры:

–  Серіктестігімізде 28 мың теңге көлемінде айлық алатын мамандар жоқ. Кәсіпорындағы орташа еңбекақы- 90 мың теңгені құрайды. Алайда, алдағы уақытта оны арттыруда жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір қаражатты үнемдеудің жолдарын іздестірудеміз. Мысалы, жыл сайын жылу жүйесіне көп қаржы жұмсалады. Алдағы уақытта бұл саланы жетілдіріп, артылған ақшаны мамандардың жалақысына қоспақ ойымыз бар.

Барлығы серіктестікте 28 адам еңбек етеді екен.

Эльмира Садвокасова