МТРА жаңалықтары

Теріскейлік жастар Елбасы Жолдауына қатысты өз ойларымен бөлісуде

Қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған қанатқақты бастама! Петропавлдық жастар Елбасының отандастарымызға арналған кезекті жолдауына үн қосты. Кездесуде өңірдің белсенді жастары маңызды құжат жүктеген міндеттерді жан-жақты талқылады.

Елбасы – қазақстандықтарға арнаған кезекті жолдауында келер жыл “жастар жылы” болып бекітілетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы үнемі өскелең ұрпаққа көңіл бөліп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап келеді. Бұл жолы да аталған іске екпін берілмек. Бұл орайда, солтүстікқазақстандық жастар Президенттің маңызды құжатын қуана қабылдады. Қазір өңірде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жас мамандардың жалпы үлесі – 2,9 пайызды құрап отыр. Жастарды қолдау жылы жұмыссыз жүрген қатарластырымызды тұрақты табыс көзімен қамтуға септеседі дейді, – жерігілікті жастар ресурстық орталығының мамандары.

Роксана Орынбасарова – жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Жолдауда ел жастарын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өскелең ұрпақ алдында тың мүмкіндіктер ашылады. Ұлт көшбасшысы қосымша 22 мың-дай жұмыс орны ашылатындығын жеткізді. Оның үстіне жол картасы 2020 бағдарламасы тағы 5 жылға ұзаратылатын болды. Бұл шара кәсіп ашып, ісін дамытуға ниетті жастарға зор қолдау болары сөзсіз.

Жастардың алдында біраз міндеттер тұр. Солардың бірі – таяу арада терісккейде қос мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумын жоғары деңгейде өткізу. Сондықтан, семинар барысында өңірдің белсенді жастарымен “Тәжірибелік психолог” ЖК басшысы Ғалия Баязитова тренинг өткізді. Танымдық шарада алдағы форумға ат салысатын еріктілер жайы сөз болды. Психолог маман жергілікті жастарға меймандармен жұмыс істеу амалдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Ғалия Баязитова – “Тәжірибелік психолог” ЖК жетекшісі:

– Тренигтің негізгі мақсаты – яғни бұнда 18 бен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Әрбір жастан іскерлік қабілетті байқап, және еріктілер қатарына жататын адамның тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталу. Және адамдардың бір-біріне қол ұшын беру мәселелері тақыланбақ.

Семинар соңында психолог сұхбат жүргізу мәдениетін дамытатын қызықты ойын өткізді.

Бахыт Садвокасов