Тұлға

Петропавлда Қайсар Таштитовқа арналған мемориалдық тақта орнатылды

Петропавлда Қазақстан Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Қайсар Таштитовқа арналған мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға 50-ге жуық жерлесіміз – “Одақ” қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен қоғам қайраткерінің ауылдастары жиналды. Мемориалдық тақта жерлесіміз еңбек ектен қазіргі ЦУМ ғимаратының қабырғасында орнатылған.

Қайсар Таштитовқа арналған тақтаны орнатуды “Одақ” қоғамдық бірлесігінің өкілдері ұсыныпты. Себебі, оның еліміз үшін жасаған еңбегі зор. 1904 жылы туған жерлесіміз 20-шы жылдардың басында Қазақстан Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген. Сол кездері, отанының дамуына мүмкіндігінше үлесін қосады. Дегенмен, 1937 жылы халық жауы деп айыпталып, өлім жазасына кесілді. Ал оның жұбайы Сағадат Таштитова АЛЖИР-ге жіберілген екен. Қалалық ардагерлер ұйымының төрайымы Сара Тасеменованың апасы оны өте жақсы біліпті. Екеуі де АЛЖИР-де темір тордың ар жағында отырып, аштық пен суықтың тауқыметін бірге көрген екен.

Сара Тасеменова – Қалалық ардагерлер ұйымының төрайымы:

– Ол кісі оқу орнында істеді. Комсомол қозғалысына зор үлес қосты. Мен бұл кісінің жұбайы Сағадат Таштитовамен кездесіп, Софья Берденованың үйінде тұрдым. Бұрынғы партия жұмыскерлерінің жұбайлары 8 жыл Алжирде отырып келді.

Мемориалдық тақтаны ашу мәртебесы “Одақ” бірлестігінің өкілдері мен Қайсар Таштитовтың жерлестеріне бұйырды. Бүгінгі шараға жастар да көптеп жиылған. Солардың бірі – М.Жұмабаев колледжінің 3 курс студенті – Мадина Бакина. Ол жиында сөз алып, қатарластарын жерлесіміздің өнегелі өмірінен үлгі алуға шақырды.

Мадина Бакина – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті:

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі Қайсар Таштитовқа арналған тақта орнатылды. Ол жас болса да, үлкен жетістіктерге жетті. Жастар үшін көп еңбектенді. Сондықтан, осындай адамдардан үлгі алуымыз керек.

Айта кеткен жөн, мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен жастар қатысты

Молдир Макишева