МТРА жаңалықтары

“PROFit” компаниясы Елбасы үндеуін тыңдады

Халыққа арналған кезекті үндеуінде Н.Назарбаев дамыған мемлекеттердің шаңында қалмау үшін инновациялық жүйелер мен интернет технологияларды дамыту қажеттігін алға тартты. Елбасының бұл бастамаларын жергілікті “PROFit” компаниясының инженерлері қолдап отыр.

Ұлт көшбасшысының келер жылға қойған тапсырмалары мен берген бағытын тыңдау үшін жергілікті “PROFit” компаниясының қызметкерлері де көптен қалмай көк жәшікке көз тікті. Бұл инженерлер мен програмистер – өңірдегі түрлі мекемелер және қатардағы солтүстікқазақстандықтар үшін пайдалы ақпараттық жүйелер мен мобильдік қосымшаларды жасайды. Ал сандық технологиялар мен заман игіліктерін ғылымға және күнделікті өмірге ендіруге Нұрсұлтан Назарбаев үндеуінде ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Прежде всего необходимо обеспечить развитие таких направлений “экономики будущего”, как альтернативная энергетика, новые материалы, биомедицина, большие данные, интернет вещей, искусственный интеллект, блокчейн и другие. Если мы это не сделаем, через 10 лет мы будем на задворках глотать пыль уходящих стран, никогда не поднимется Казахстан. Именно от этого зависит будущее, место, роль страны в глобальном мире. Чем мы хуже других?

“PROFit” нарықта 8 жыл жұмыс істейді. Сондықтан, Елбасы айтқан блокчейн мен жаңа интернет жобаларды әзірлеу жолында жұмыс жасауға дайын. Нұрсұлтан Назарбаев мектепке дейінгі сапалы білім беру мәселесі ІТ мамандарына ерекше назарын аударды. Себебі, жуырда компания 5 пен 14 жас аралығындағы балалар үшін бағдарламалау мектебін ашпақшы.

Денис Самохин – “PROFit” компаниясының қызметкері:

– Біз жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқпыз, әлемдік тәжірибені пайдаланбақшымыз. Президент болашақ ақпараттық және сандық технологиялардың қолында деп дұрыс айтты. Ал жас ұрпақ бұл технологияларды кішкентайынан меңгеруі тиіс. “Юниор код” мектебінде АҚШ-тағы Массачусетс университетінің ғалымдары ойлап тапқан әдістемені қолданамыз. Қазір болашақ оқытушыларымыз Мәскеуде білімдерін шыңдап жатыр. Осылайша, Елбасы айқындап берген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындамақшымыз.

Жалақы, қолжетімді баспана, білім, медицина мен ТҮКШ – Президент пернесін қозғаған мәселелер сан алуан. Бұл жандар ең алдымен ел азаматтары. Сондықтан, халықтың әл ауқатын арттыру мақсатындағы Президент бастамаларына оң бағаларын беріп отыр.

Саят Ермек