МТРА жаңалықтары

Елбасы Жолдауына өңір дәрігерлері үн қосты

Адам, оның құқықтары және денсаулығы басты назарда. Елбасы биылғы Жолдауында медицина саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, саладағы кадр тапшылығы мәселесін шешу жолында бірқатар бастамаларын ұсынды. Соның ішінде еңбекақыны көтеру және баспананың бастапқы жарнасын субсидиялауды ұсынды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, үкімет алдағы уақытта бюджетті қайта қарап қаражаттың денін инфрақұрылым, қауіпсіздік және әлеуметтік салаларға бағыттайтын болады. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың мөлшері де 10% -ке дейін ұлғайтылмақ. Ел қазынасынан қомақты қаражат қарастырылғанымен, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы ақсап тұр деді өз жолдауында Н.Назарбаев. Себебі, шетелдің дәрігерлерінен ем алатын отандастарымыздың саны артқан. Мемлекет басшысы жүрек-қан тамырлары жүйесінен болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келе жатқандығын атап өтіп, онкологиялық ауруларды алдын алу шараларын да мықтап қолға алу керек деді. Мемлкет басшысының бастамаларын өңірдің ақ халаттылары қызу қолдап жатыр.

Мақсат Құдратуллаев – облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

– Елбасы кардиологиялық орталық пен нейрохирурргиялық орталықтардың жұмыстарын жоғары бағалады. Өзге де емханалардың қызмет деңгейін жоғарылатуды сұрады. Астанада онкологиялық ғылыми-зерттеу институтын ашу қажетігін айтты.

Асхат Молжігітов – облыстық кардиологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Елбасы өз Жолдауында кардиологиялық орталықтардың жұмысын ерекше атап өтті. Жыл сайын облысымызда 200-ге жуық азаматтың жүрегіне ашық, 600 адамның жүрегіне жабық операция жасалады. Облысымызда жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім 2 есеге азайды. Бұл көрсеткішке біз біліктілікті арттырудың және заманауи қондырғылардың есебінен қол жеткізіп отырмыз.

Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, келесі жылдан бастап учаскелік медициналық қызметкерлерінің жалақысы 20%-ке жоғарылайды. Еңбекақының төмендігінен көпшілігі жеке баспанасына қолжеткізе алмай отыр. Осы ретте елбасы облыс әкімдеріне баспананың бастапқы жарнасын субсидиялау жөнінде бастама көтерді. Ол жүзеге асса, кадр тапшылығы мәселесін де шешіп алар едік дейді өңірдің кардиологтары.

Мақсат Құдратуллаев -облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

– Медициналық қызметкерлердің айлығын өсіргені жақсы. Соған сәйкес, жұмыстың сапасы артады. Институт бітіріп келген мамандардың жалақысы аз, сондықтан олар баспанаға өз бетімен қол жеткізе алмайды. Баспананың бастапқы жарнамасын субсидиялау жаңа келген мамандарға үлкен қолдау болады.

Мемлкет басшысы ұлт саулығына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Осы орайда президент алдағы уақытта халықтық тұтынымдағы тауарлардың отандық үлесін арттырып, оның сапасын қадағалау жөніндегі арнайы комитет құруды ұсынды.

Берік Қасен