Білім

Назарабаев университетіне оқуға түсу тәртібі түсіндірілді

Өңірімізге жұмыс сапарымен Назарбаев университетінің ақпараттық үгіт-насихат тобы келді. Елордалық меймандар өңір ұстаздарына аталған жоғары оқы орнына түсу тәртібін түсіндірді.

Назарабаев университетінде бакалаврдан бөлек магистратура және докторантура бағдарламалары бар. Бірақ, аталмыш жоғары оқу орнына түсу талаптары жоғары. Бірінші кезекте, үміткердің оқу үлгерімі және ағылшын тілінен білімі тексеріледі. Бірқатар емтихандардан өткен, үміткерлер комиссия мүшелерінің сауалнамаларына жауап беруі тиіс.

Сәния Ғаббасова – Назарабаев университетінің қабылдау бойынша департаменітінің менеджері:

– Талапкерлер үш кезеңнен тұратын емтиханан өтуі тиіс. Ағылшын тілінен бөлек, физика, химия тағы да бас пәндерден емтихан тапсырады.

Назарабаев университетін тәмамадағандарға нарықта сұраныс жоғары. Бүгінде оқу орнының түлектері әлемнің белді компанияларында қызмет етіп жүр.

Сәния Ғаббасова – Назарабаев университетінің қабылдау бойынша департаменітінің менеджері:

– Біздің түлектер Facebook, Google компанияларында жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, шетелдің белді деген: Stanford, Оксфорд, Кембридж университетінің магистратурасында оқып жатыр.

Еліміздің үздік жоғарғы оқу орнының студенті атану шарттарын Назарабаев университетінің ресми сайтынан толығырақ білуге болады.

 

Берік Қасен