ТЖ

Өрт сөндірушілердің арасында облыстық спартакиада өтті

Петропавлда өрт сөндірушілердің арасында облыстық спартакиада өтті. Дәстүрлі жарысқа өңіріміздің аудандары мен жергілікті бөлімдерден жиылған 60-тан аса маман қатысты. Олар сайыстың алғашқы кезеңінде түрлі кедергілерді бағындырды. Одан кейін түтін басқан нысан ішінен зардап шегушіні сыртқа алып шықты.

Петропавлда өрт сөндірушілер арасындағы спартакияда жыл сайын өтеді. Биылғы жарысқа өңір аудандары мен жергілікті бөлімдерден құрылған 16 команда қатысып отыр. Әр құрама 4 адамнан тұрады.

Мұса Жақсыбаев – Петропавл қалалық №3 МӨСБ аға инженері:

– Бұл шара біздің мамандарға қажет. Осындай жаттығулар арқылы қызметкерлер физикалық тұрғыда шыңдалады.

Сонымен спартакияда басталды. Алғашқы сайыс аулада ұйымдастырылды.
Маңай қою қара түтін. Жағалай көлік шиналары жанып жатыр. Бұған қарамастан өрт сөндірушілер түрлі кедергілерді артта қалдырды. Алдымен бағаннан төмен түсті. Кейін, белгілі бір аралықты арқанға ілініп өтті. Белтемірді де бағындырды. Дәл осы тапсырманы көпшілігі 100 пайызға орындай алмай, төмен түсті.

Мамандар киімдері мен арқаға асқан қондырғылары ауыр болғандықтан діттеген жерге жетпеді. Осы үшін қатысушының уақытына қосымша 10 секундтан қосылды. Дегенмен, ұйымшылдық танытқан есілдіктер барлығын ойдағыдай орындады. Олар кедергіден сүрінбей өтіп, мәреге 2 минут 50 секундта келді.

Азат Бектасов – №10 ӨСБ өрт сөндірушісі, Есіл ауданы:

– Сайысқа алдын ала дайындалдық. 2 айдан аса уақыт жаттығу жасадық. Осының арқасында бірінші кезеңнен сүрінбей өттік деп айта аламын. Өз басым облыстық спартакиадаға алғаш рет қатысып отырмын. Маған барлығы ұнап жатыр.

Бұл сайыстан соң, екінші кезең де басталды.

– Сайыстың екінші кезеңі тіпті қиын. Ол мына жерде өтетін болады. Бұл бөлменің ішіне түтін жіберілген. Ешнәрсені көру мүмкін емес. Ал, мұндай қиындыққа қарамай зардап шегушіне іздейді. Оған қоса жарықты өшіріп сыртқа шығулары тиісті.

Алдымен нысанға Аққайың ауданының өрт сөндірушілері кірді. Қызметкерлердің 3-еуі бөлме ішіндегі зардап шегуші мен жарық өшіргішті іздеді. Ал, біреуі сыртта қалып, мән-жайды қадағалып тұр.

Іштегі мамандардың жұмысын келесі бөлмедегі ұйымдастырушылар бақылады. Олар камералардың көмегімен тапсырманың орындалуын тексерді. Арада 5 минут өтті. Бұл уақыт ішінде аққайыңдықтар өздеріне жүктелген міндетті орындап шықты.

Нариман Емлісұлы – №9 ӨСБ өрт сөндірушісі, Аққайың ауданы:

– Қиын болған жоқ. Дегенмен іште ештене көрінбейді. Соған қарамай зардап шешушіне сыртқа алып шықтық.

Спартакиада соңында жүлдегерлер грамата және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Култанов Байболат