Ауа райы

Қазан айындағы ауа райы

Қазан айы қыңыр мінезін көрсетпек. Күз мезгілінің 2-ші айының алғашқы онкүндігі жайма-шуақ күндерге толы болмақ. Кейін, ауа температурасы минус 10 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Альмира Жетпісбай – тілші:

– Қазан айын “бозқырау” айы деп те атайды. Ол осы мезгілдегі ауа райына қатысты айтылса керек. Өйткені, бұл шақта құстар жылы жаққа ұшып, күн салқын тартады.

Қыркүйектің соңы мен қазанның алғашқы күндері солтүстікқазақстандықтарды жайма-шуақ күндермен қуантты. Оған ең алдымен өңір диқандары дән риза. Өйткені, қазір орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Алайда, енді күн суыта бастайды.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚОФ бойынша инженер – синоптигі:

– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0-ден минус 5 градус аязға, күндіз плюс 5-тен 10 градус жылы, кей жерлерде 0 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің ең соңында түнде плюс 3-8 градус жылы, кей жерлерде 2 градус аязға, күндіз плюс 10-15, кей жерлерде 5 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Ал, қазанның үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 10 градусқа дейін суытады. Бұлт қоюланып, жерге бозқырау түсуі де мүмкін.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚОФ инженер-синоптигі:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері кей жерлерде мөлшерден көп түседі (мөлшері: 22….35мм). Бірқатар аудандарда жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15/20 м күшейеді. Ал кей жерлерде жауын болуы да ықтимал, сол себепті.

Қарашаға жақындай бере көктайғақ болуы ықтимал. Жалпы, көкөніс пен егін суыққа ұрынса, халықта оны “қазан ұрды” дейді. Сол себепті, оған жол бермей, ертерек қыста жейтін азықты жиып алған жөн.

Альмира Жетписбай