Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры жаңа мауысымын ашты

Н.Погодин атындағы 132-ші маусымының шымылдығын ашты. Театр труппасы өнерсүйер қауымға Александр Коровкиннің “Тетки в законе” қойылымын ұсынды. Спектакль – әділетсіздік пен сатқындықты әшкере етеді.

Орта жастағы апалы-сіңлілі Роза мен Грета 3 бөлмелі үйде өмір сүріп жатады. Күндердің бір күні олардың баспаналарына бірде ұры түсіп, енді бірде шенеуніктер келіп мазаларын алады. Соңғылары үй қаланың қақ ортасында орналасқандықтан иелерінен оны тартып алмақшы болады. Осылай басталған оқиға осы 3 бөлмелі пәтер төңірегінде өрбиді. Криминалдық жайттарға толы болса да, спектакль комедия жанрында жазылған.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Осы маусымның шымылдығын “Тетки в законе” спектаклімен аштық. Қоюшы режиссері – Тимур Каримжанов. Бүгін біз қойылымдағы сияқты криминалдық әлемді театрға кіре берістен бастап бейнелеп, жиылғандарды криминалдық спектакльге алдын ала дайындадық.

Театр әртістері “Тетки в законе” спектаклін 3 ай бойы дайындаған екен. 30 жылдық еңбек өтілі бар актерлермен қатар, теарда қызмет еткендеріне небәрі 3 жыл ғана болған жас актерлер де өз өнерлерін ортаға салды.

Жұман Мұқанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Біз әртістер рөлді ешқашан таңдап-талғамаймыз. Біздің ұжым кез келген образды шеберлікпен сомдап шығады. Бүгінгі қойылымда мен жын-шайтанның рөлін ойнадым.

2 сағат бойы қойылымды тамашалаған жерлестеріміз спектакльге оң бағасын берді.

– Бүгінгі спектакль, тіпті тамаша. Декорациясы, әуен мен әртістері ерекше көрінді.

–  Мен актерлердің шеберлігіне тәнті болдым. Олар үшін қатты толқып отырдым. Әсіресе, режиссердің жұмысын атап өткім келеді.

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 132-ші театр маусымында көрермендер назарына тағы бірқатар спектакль ұсынбақ. Олар: “Тевье молочник”, “Человек, который платит” және “По щучьему велению” қойылымдары.

Альмира Жетписбай