МТРА жаңалықтары

“Қасиетті үштік” храмының 25 жылдығына орай концерт өтті

Облыс орталығында “Қасиетті үштік” храмының мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында Ресейлік және Польшаның католиктері өңірде діндестеріне жасалып жатқан жағдайға ризашылықтарын жеткізді.

 

Биыл облыс орталығындағы “Қасиетті үштік” храмының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Жергілікті католик сеніміндегілерді осынау мерекемен құттықтау үшін теріскейге Польша, Ресей және көршілес өңірлерден 30-дан аса діндар келіпті. Шетелдіктер өңірдегі діни ахуалдың тұрақты екендігін айтып, сарабдал саясатты ұстанып отырғандарға алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде меймандарға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет те ізгі тілектерін білдірді.

Мадияр Қожахмет – облыс әкімінің орынбасары:


– Салтанатты мерекенің қатысушылары, сіздерді өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың атынан “Қасиетті үштік” храмының мерейтоймен құттықтаймын. Этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықтықтың арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Түрлі дін өкілдері мемлекетіміздегі ауызбіршілікті сақтауға зор үлестерін қосуда.

Жиын барысында Ресейлік және Польшаның католиктері мінберге шығып, өңірде діндестеріне жасалып жатқан жағдайға көңілдері толатынын жеткізді. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 5 процентін католиктер құрайды. Осы сенімдегілер үшін өлкеміз бойынша 11 рим-католик шіркеуі жұмыс істеп тұр. Төрт күннің ішінде меймандар осындағы әріптестерімен түрлі бағыттарда тәжірибе алмаспақшы.

Пётр Пытлованый – Қазақстанның Католиктік епископтары конференциясының баспасөз хатшысы, Астана қаласы:

– Алдағы күндерде рим-католик шіркеулерінің дінбасыларының басқосу болады. Онда католик сеніміндегілер әр елдегі діни ахуал жайлы сөз қозғап, алдағы жұмыс жоспарын айқындайды. Сол жиынға Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елші қатыспақ.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған салтанатты шарадан өңір өнерпаздары да шет қалмай, өз құттықтауларын ән-жырмен жеткізді.

Берік Қасен