Балалар

Өңірде еріктілер қозғалысын дамыту мәселесі қозғалды

Қараша айында облыс орталығында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді деп күтілуде. Ауқымды шараны тиісті деңгейде өткізуге белсенді жастар да тартылатын болады. Қазіргі таңда облысымызда еріктілерді қабылдау науқаны жүріп жатыр. Бұл жұмыстармен жастар бастамалары орталығының жанынан құрылған еріктілер клубы айналысуда.

 

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы қараша айына белгіленген. Алқалы жиынға жүздеген мейман жиналады. Оларды қарсы алып, қаланың көрікті жерлерін көрсету міндеті еріктілерге жүктелмекші. Өкінішке қарай, бұл бағыт өңірімізде мүлдем дамымаған. Сондықтан жұмысты жастар бастамалары орталығы өз қолына алды.

Ирина Тухватулина- СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы:

– Облысымызда еріктілермен жұмыс істейтін 3 үкіметтік емес ұйымы тіркелген. Алайда, олар өздеріне жүктелген қызметтерін тиісті деңгейде орындап жатқан жоқ. Осы себепті аймағымызда еріктілер қозғалысы дамымай қалған. Аталған мәселені шешу мақсатында жастар бастамалары орталығы жанынан еріктілер клубы құрылды.

Еріктілер клубы бұқаралық шаралармен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, оған мүшелікке өткен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу жағы да қарастырыпты.

Лилия Гизатуллина – СҚО ЖБО жанындағы СҚО еріктілер клубының жетекшісі:

– Қазіргі таңда еріктілер клубына 150 адам мүшелік етеді. Олар бұқаралық шараларға белсенді қатысады. Бос уақыттарын тиімді өткізеді. Ол үшін Еріктілер клубы жанынан пікір-талас, бишілер мектептері және көңілділер мен тапқырлар құрамалары құрылды.

Еріктілер клубының өкілдері алдағы уақытта белсенді жастардың қатарын арттырып, оларды өңіраралық форум аясында өтетін барлық шараларға жұмылдырмақшы.

Берік Қасен