Облыс орталығында экологиялық акция өтті

Экология

9:55 14 Қыркүйек 2018

Облыс орталығында дүниежүзілік “World cleanup day” экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті. Оған 50-ге жуық жерлесіміз – басқармалардың өкілдері мен студенттер қатысты. Аталған акция барысында олар Есіл өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартты.

 

– Жыл сайын қыркүйектің 15-і күні дүгиежүзінде “World cleanup day” акциясы өткізіледі. Биыл тазалық шарасына 150-ден астам мемлекет қатысуға ниет білдірген екен. Солардың қатарында Қазақстан да бар.

Мына жерге табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің өкілдері және студенттер жиылған. Олар Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалап жатыр. Жерлестеріміздің қабына түскен қалдықтардың барлығы “ЛС Петропавловск” серіктестігіне жіберіледі. Кәсіпорында қоқыс сұрыпталып, қайта өңделеді. Дүние жүзінде кең етек жайған “World cleanup day” шарасы облыс орталығында тұңғыш рет өткізіліп жатыр.

Андрей Славный – СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқрамасының бас маманы:

– Биыл әлем бойынша дүниежүзілік акцияға 400 млн-ға жуық адам қатыспақ. Аталған бастаманы біздің қаламыз да қолдап отыр. Бұл қуантарлық жайт. Жалпы, экологиялық шарадан бөлек біз сенбіліктер ұйымдастырып, қала тазалығын сақтауға тырысамыз.

Өзен жағалауын тазартуға кірісіп кеткендердің бірі – 1 курс студенті Сәния Тәжібаева. Экология мамандығына оқып жүрген бойжеткен осындай іс-шараға алғаш рет қатысып отыр екен.

Сәния Тәжібаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Біз қоршаған ортаны қорғау керекпіз. Барлық қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамын.

“World cleanup day” тазалық шарасына 50-ге жуық белсенді жерлесіміз ат салысты.

Молдир Макишева

Бұдан әрі оқыңыз