МТРА жаңалықтары

Өңір шекарашыларына 12 қызметтік көліктің кілті табысталды

Қызметтік көліктердің кезекті легі иелерін тапты! Бүгін Петропавл шекара жасағының автокөлік паркі су жаңа 12 темір тұлпармен толықты. Енді жол талғамайтын техника әскери бөлімнің заставасы, комендатура мен көлік өткізу бекеттерінде қолданылады.

Қаз-қатар тізілген “Уаз” 315195 маркілі автокөліктер – шекарашылардың ел шебін күзетудегі сенімді серігіне айналған. Жол талғамайтын темір тұлпарлардың кезекті легі, бүгін Петропавлдағы 2032 әскери бөлімінің жеке құрамына табысталады. Бірақ, мына 12 көліктің бұрынғыларына қарағанда бірқатар техникалық артықшылығы бар. Айталық, қозғалтқыштары әлдеқайда қуатты, әрі тас жолда жүру жылдамдығы жоғарылаған.

Енді су жаңа темір тұлпарлар әскери бөлімге қарасты заставалар, комендатура мен автокөлік өткізу бекеттерінде күнделікті қызметте қолданылатын болады. “Уаздың” бірін әскери қызметші Қуаныш Камалиев тізгіндейтін болады. Бұл жерлесіміздің 2-ші қызметтік көлігі екен.

Қуаныш Камалиев – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі тыл бастығының көлік жүргізушісі:

– Осы бөлімнің қарамағыда болады. Жасақ тасымалдауға осы солтүстік өңірде жүретін көлік қой.  Сынуын сына қоймайды. Жарты жылда бір рет техникалық байқаудан өткіземіз. Жолға байланысты, көбіне жүрісіне байланысты жөндейміз.

Жалпы бүгінде ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімінің техникалық паркі 70 пайызға жаңартылған. Тозығы жеткен көліктердің ізін қазір 2012-ші жылғы машиналар мен бертін шыққан темір тұлпарлар жалғауда.

Қанат Мұратов – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі командирінің орынбасары, техника және қару-жарақ бөлімінің бастығы:

– Негізі алынған көліктер техникалық жағдайына қарай қысқы және жазғы мезгілдерде пайдалануға келеді Автокөлік техникалық жағдайы мен шыққан жылына байланысты олар шекара қызметінің есебінен алынып отырады. Жаңа көліктермен толығады.  Бүгін берілген техникалар жеке құрамның қолдануы үшін алынған.

Айта кетейік, Петропавл шекара жасағының сарбаздары еліміздің РФ-мен шектесетін 2 мың шақырымындағы шекарасын кірпік қақпай күзетіп келеді.

Бахыт Садвокасов