Мәдениет

Жерлесіміз Гульжиган Даутова 80 жасқа толды

Елімізді отаны санайтын түрлі этностарға тең мүмкіндіктер берілген. Бүгінде
өзге ұлттар ана тілдерінде сөйлеп, төл мәдениеттерін дамытуда. Солардың бірі – “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының құрылуына жерлесіміз Гульжиган Даутова ұйытқы болған. Қыркүйектің 7-сінде белсенді жерлесіміз 80 жасқа келді.

Әсем ән, құшақ-құшақ гүлдердің барлығы Гульжиган Даутова арналған. Биыл кейуана 80 жасқа толып отыр. Мерейтой иесі саналы ғұмырын өңірімізде өз ұлтының мәдениетін дамытуға арнапты. Сондай-ақ, облысмызыда татар-башқұрт қоғамдық орталығының бастауында тұрған жандардың бірі. Қоғамдық жұмыстарға белсенді ат сатылсқаны үшін нәзік жандыға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет
грамотасы табысталды.

Гульжиган Даутова – СҚО “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі:

– Өңірімізде татар-башқұрт орталығы 1989 жылы құрылды. Сол жылы біз Петропавл қаласында алғаш рет сабантой мерекесін өткіздік. Менің ойымша, әр халық өзінің тарихын, мәдениетін және тілін қастерлеуі керек. Мен осыны өскелең ұрпаққа ылғи айтып жүремін.

Мерейтой иесіне достары мен туыстары да жылы лебіздерін білдіріп, туған күнімен құттықтады.

Рафаиль Хасанов – СҚО “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі:


– Гульжихан Нигматуловнаны 40 жыл білемін. Ол кісі кітап жазады. Әнді де жақсы шырқайды. Пианинода ойнайды. Өзі белсенді адам. Гульжихан Даутованың таттар-башқұрт орталығына сіңірген еңбегі орасан. 100 жасқа келсін. Денсаулық тілеймін!

Келесі жылы “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының құрылғанына 30 жыл толмақ.

Берік Қасен