Құқық қорғау органдары

Отбасы күні қарсаңында көпбалалы тәртіп сақшылары марапатталды

Отбасы күні қарсаңында өңірдің тәртіп сақшылары көпбалалы әріптестерін құттықтады. Үйлеріне барып, жұбайларына гүлдер, ал бала-шағасына бағалы сыйлықтар тарту етті. Мерейлі мерекеге орай ІІД ұжымы Ивановтар жанұясын да назардан тыс қалдырмады. Бүгінде бұл отбасы төртемді тәрбиелеп отыр.

 

Өңірімізге танымал болған төртемнің әкесі Андрей Иванов ІІД қызмет етеді. Жерлесіміздің қыздары: Лиза, Катя, Маша және Тоня биыл 1-сыныпқа барды. Сондықтан әріптестері Отбасы күні қарсаңында Ивановтар жанұясына үлкен жазу үстелін сыйға тартты. Ендігі кезекте, кішкентайлар үй тапсырмасын еш қиындықсыз берге орындайтындарын айтуда.

– У вас уже есть любимые предметы?
– Да!
– Какие?
– У меня – математика.

– Развитие речи.

– Рисовани.
– Ой, молодцы какие.

Төртем осы бастан болашақта кім болатындарын ойластыруда. Үш қыз анасы сияқты дүкенде сатушы болғысы келеді екен. Төртіншісі Екатерина есейгенде әке жолын қуып, ішкі істер органдарында жұмыс істеуді армандайды. Андрей болса, қыздарын жан-жақты тұлға етіп тәрбиелегісі келеді. Отағасы балақайларын түрлі үйірмелерге бермекші.
Мереке қарсаңында ІІД өкілдері көпбалалы отбасыға ізгі тілектерін жеткізді.

Наталья Калинина – СҚО ІІД кадрлармен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы:

 

– Отбасы – қоғамның діңгегі. Сіздерге бақыт тілеймін. Әр адамға туыс керек. Сен олармен қуанышыңды, қайғыңды бөлісе аласың. Бүгінде ІІД басшылығы көпбалалы отбасыларға ерекше қолдау көрсетеді. Өйткені бізде “Үйде бәрі жақсы болса, жұмысты да алаңсыз істейсің ” деген қағида қалыптасқан.

Отбасы күні қарсаңында ІІД ұжымы өзге де көпбалалы отбасыларды назасыз қалдырмады. Үйлеріне барып, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Берік Қасен