Денсаулық сақтау

Облыс орталығына Санкт-Петерборлық дәрігерлер емдеу жүргізеді

Қыркүйектің 14-мен 18 аралығында Санкт-Петерборлық дәрігерлер Петропавлға кезекті рет келіп, денсаулығына шағымданған тұрғындарды қабылдайды. Олар атлант буыны, яғни, бірінші мойын омыртқасы жылжып кеткен жерлестерімізді емдеп, ақаудың кесірінен орын алған түрлі дерттер мен ауырсынулардан айығуға мүмкіндік бермек.

 

Остеохондроз, арқа мен бас аурулары, қан қысымының тұрақсыздығы. Көп жағдайда мұндай ауруларға мойын омыртқасының, яғни атланттың жылжуы себеп болады. Адамды қалыпты өмірге қайта оралтуға бірегей швейцариялық әдістеменің қауқары бар. Санкт-Петерборлық “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлері аталған технологияны 6 жылдай жемісті пайдаланып келеді.

Владимир Бочановский, Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-ребилитологы, РФ:

– Тың технологияның көмегімен біз бұлшық ет пен буындардың жұмысын қалыпқа келтіреміз. Ем-домның оң әсерін сезіну үшін бір процедураның өзі жеткілікті. Ол тек 15 минутқа созылады. Ал ауру қайтып келмес үшін пациент реабилитациядан өту керек.

Бас пен омыртқаны біріктіріп тұратын атлант буыны жол апаттары, спорттық немесе өндірістік жарақаттардың салдарынан қозғалып кетеді. Тіпті бала туы кезінде де мұндай проблемалар орын алып, кейін нәрестенің денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Максим Иванов, Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының басшысы, РФ:

– Вибропрессураның көмегімен ауырсыну мен ыңғайсыздықты жоюға болады. Нәтижесінде адамның денесі сауығып, науқастар ауруға дейінгі қалыпты жағдайға қайта оралады.

Бүгінгі таңда Петерборлық ақ халаттылар Ресей мен Қазақстандағы мыңдаған науқасқа кешенді көмек көрсетіп үлгерген.

Людмила Васюк:


– Таңертең төсектен тұрған кезде, белім ауыратын. Ал ем қабылдағаннан кейін, өзімді әлдеқайда жақсы сезініп жүрмін.

Ресейлік ақ халаттылар атлантпен байланысты дерттерге шалдыққан қалалықтарға қыркүйектің 14 мен 18 аралығында көмектесе алады. Қабылдауға жазылу үшін 63-21-72 нөміріне хабарласу керек. Ем дом шаралары мен қажетті кеңес беру М.Жұмабаев көшесі 109 мекен жайындағы ғимараттың 7 қабатында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Молдир Макишева