Қоғам

Көпбалалы аналарға арналған семинар өтті

Отбасы күні қарсаңында Петропавлда көпбалалы аналарға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға бірнеше ұл мен қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген 15-ке жуық нәзікжанды қатысты. Шара барысында оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайы түсіндірілді.

Дания Кенджаева жұбайымен бірге 4 қыз және 2 ер бала тәрбиелеп отыр. Батыр ананың тұңғышы 20-ға жетсе, кенже қыздары, яғни егіздері – 2-де ғана. Олардың барлығына бірдей көңіл бөлуге тырысамын дейді нәзікжанды. Жақында жерлесіміз “Алтын алқа” белгісінің иегері атаныпты.

Дания Кенджаева – “Алтын алқа” белгісінің иегері:


– Үлкем балам Алматыда оқиды. Біреу – балабақшада, 3-уі – мектепте оқиды. Қазір өзім егіздеріммен үйде отырмын. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп тұрады.

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні. Осыған орай облыстық іскер әйелдер қауымдастығы көпбалалы аналарды дөңгелек үстел басына шақырған. Жиын барысында оларға мелмекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайлы түсіндіріліп, өзгерістер туралы айтылды. Мәселен, биыл атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастады. Осы мәселе де аналарға егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Бүгін семинарға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдерін шақырдық. Олар өздерінің тарапынан көпбалалы аналарға қандай көмек көрсете алатыны жайлы айтып өтті. Мұндай дөңгелек үстелдерді біз жиі өткізіп тұрамыз.

Жалпы бүгінде біздің облысымызда 2 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрып жатыр.

Молдир Макишева